Кеңес ауылдық округі әкімінің есеп беру тезисі

Кеңес ауылдық округі әкімінің есеп беру тезисі

Кеңес ауылдық округінің жалпы алаңы 58 579 гектарды құрайды, елді мекендердің алаңы-7 895 гектар. ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 17 720 гектар: оның ішінде 5 956 га егістік жерлер, 11 763 га жайылымдық алқаптар.

Округ аумағында 4 елді мекен бар. Халық саны 1750 адамды құрайды, оның ішінде: Домбыралы ауылы - 852 адам (257 үй), Кеңес ауылы – 530 адам (161 үй), Кіші Барап ауылы – 332 адам (85 үй) және Айдарлы ауылы – 36 адам (13 үй).

Ақкөл ауданы әкімдігінің "Ауданда елді мекендердің аумақтарын санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі айлықты өткізу туралы" қаулысын орындай отырып, Кеңес ауылдық округі әкімі аппаратымен 2020 жылы келесі жұмыстар атқарылды:

Сәуір-тамыз айлары аралығында "Ақкөл - Ақжол" Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігімен Айдарлы ауылының автомобиль жолына ағымдағы жөндеу жүргізілді. Ұзындығы 1,1 км асфальт төселді. Ағымдағы жөндеуге облыстық бюджеттен 55 235,0 теңге бөлінді.

Шілде-тамыз айлары аралығында Айдарлы ауылында "КазСтройЭнерго" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен ұзындығы 1,2 км көше жарығына ағымдағы жөндеу жүргізді, 31 тірек және 31 шам орнатылды. Облыстық бюджеттен 7 749,0 мың теңге бөлінді.

Маусым-тамыз айлары аралығында "Камила" ЖШС Кіші Барап ауылында ұзындығы 3,5 км Кіші Барап ауылының жер асты көздерінен сумен жабдықтау жүйесіне күрделі жөндеу жүргізді, күрделі жөндеуге республикалық бюджеттен 118 917,6 мың теңге бөлінді.

Қазан айында "Камила" ЖШС Кіші Барап ауылында кентішілік жолдарға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізді, жергілікті бюджеттен 8 300,0 млн.теңге бөлінді.

Қазан айында "Ақкөл - Ақжол" ЖШС Домбыралы ауылының кіреберісіне ағымдағы (шұңқырлы) жөндеу жұмыстарын жүргізді. Ағымдағы жөндеуге облыстық бюджеттен 20,0 млн.теңге бөлінді.

"Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020 – 2021" бағдарламасы аясында мамыр айында Домбыралы ауылындағы М.Горький атындағы орта мектепке Қарағанды қаласының  "Ансар" жауакершілігі шектеулі серіктестігі  108 дана пластикалық терезелерді ауыстыру және жалпы ауданы 1430 м2 шатырдың жабынын ауыстыру бойынша ағымдағы жөндеу жүргізілді. Ағымдағы жөндеуге республикалық бюджеттен 25,0 млн.теңге бөлінді.

Маусым айында Кеңес орта мектебінде жылу жүйесіне ағымдағы жөндеу жүргізілді, мектеп ішінде 1500 дана радиатор секциялары, 32 диаметрлі және  550 метрлі құбыр, 4 Кран 32 жартылай айналым үшін ауыстырылды, республикалық бюджеттен 5,0 млн.теңге бөлінді, жергілікті бюджеттен жылу трассасына (ұзындығы 80 м құбырды ауыстыру), сондай-ақ кеңейту багын 1,5 м3 ауыстыру, 6 дана ысырманы диаметрі 2*80, 4*100, 2 қазандықты ("Камила" ЖШС) қосымша 2 300,0 млн. Теңге бөлінді.

Қараша айында Кеңес ауылында "ЛюксКа" Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі көше жарығына ағымдағы жөндеу жүргізді, облыстық бюджеттен 8 200, 0 млн.теңге бөлінді.

Ақкөл қаласының «Ақмола электржелілік үлестіру компаниясы» мамандарымен ауылдық округтің Электрэнергиясын жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ  Домбыралы, Кіші Барап, Айдарлы ауылдарында электрэнергиясын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Айдарлы және Кіші Барап кенттерін қоректендіретін "Алексеевка" 110/35/10 ҚС 7 нөмірлі ӘЖ - 10 кВ тіректерін ауыстыру бойынша жұмыс жүргізілді.

Жылына 2 рет су құбыры желілерін дезинфекциялау және хлорлау жүргізілді.

Кеңес ауылдық округінің елді мекендерінде "Айуа" Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігімен қоқыс үйіндісін жинау бойынша жұмыстар жүргізілді, жергілікті бюджеттен 1 420,0 млн.теңге бөлінді.

Кіші Барап ауылындағы қолданыстағы қоршауларға ағымдағы жөндеу жұмыстары (яғни сырлау жұмысы) жалпы сомасы 500 мың теңгеге жүргізілді.

Домбыралы ауылындағы Ұлы Отан Соғысы ардагерлеріне арналған ескерткішіне жөндеу жұмыстары жүргізілді, ескерткіш маңындағы аумақты құрылыс қоқыстарынан  ішінара тазартылды. Мұсылман және христиан зираттарын тазарту жұмыстары атқарылды.

Дата публикации
15 января 2021