Қарасай ауылдық округі әкімінің есеп беру тезисі
Қарасай ауылдық округі 3 елді мекенді біріктіреді. Әкімдігінің негізгі қызмет бағыттарына сәйкес ауылдық аумақтарды одан әрі дамуды және азаматтардың әл-ауқатын көтермелеу, округ халыққа сапалы мемлекеттік қызметтерді көрсетуге мақсатпен болды және қалады.
2020 жылы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында Қарасай ауылындағы орта мектептің шатырын жөндеу және терезелерді ауыстыру бойынша жобалар іске асырылды, Қына ауылының орта мектебінде жылу жүйесін жөндеу, Қарасай ауылынан Қына ауылына дейін кентаралық автомобиль жолын жөндеу жұмыстары атқарылды.
Сазды бұлақ ауылының ішіндегі жолдарын толтыру жұмыстары жүргізілді сондай-ақ, округ ауылдарының кентішілік автомобиль жолдары грейдерленді.
Аудан әкімі А. Қ. Қайыржановтың қолдауымен Қына ауылындағы су құбырын жөндеу мәселесі орнынан қозғалды, қазіргі уақытта Қына ауылының су құбыры желілерін қайта жаңартуға ЖСҚ дайындалды, облыстық және республикалық бюджеттен қаражат бөлуге бюджеттік өтінім дайындалып жіберілді.
Карантин кезеңінде «Akkol beef» және «Қына Агро-88» ЖШС басшылары округ мектептерге және Қына ауылының дәрігерлік амбулаториясына, суға арналған дипансерлер, кварцтауға арналған шамдар мен байланыссыз термометрлер сатып алды.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне құрметіне Қына ауылының зейнеткерлерге, мүгедектерге және көп балалы аналарға «Тын жер-18» ЖШС дирокторы атынан 5 - мың теңгеден материалдық көмек көрсетілді, жалпы 600 - мың теңгеге көмек көрсетілді.
Аудан орталығы алыстығына байланысты әкім ауылдық округ тұрғындарға жәрдемақы мен құжаттар ресімдеуге көмектеседі. 2020 жылы 300 жүзден астам округ азаматтарға көмек көсетілді.
Ю. Зейб, Қарасай ауылдық округінің әкімі