Азат ауылы әкімінің есеп беру тезисі

Азат ауылы әкімінің есеп беру тезисі

         Азат ауылының аумағы аумағы 3393 га. Ауылшаруашылық мақсатында пайдаланылатын жерлер 8485 га., жайылым 15488 га. 2021 жылдың 1 қаңтарына  ауылдың халық саны- 1096 адам, 325 аула бар.

Ауылшаруашылығы

Экономиканы тұрақты дамытудың негiзгi бағыттарының бiрi агроөнеркәсiптiк кешен болып табылады.

Статистикалық есепке сәйкес 2021 жылдың 01 қаңтарына  мәлімет бойынша  ауылда 861 ірі қара мал, 2050 қой, 422 жылқы, 138 шошқа бар.

Ауыл бойынша 21 шаруа қожалық және 4 ЖШС, 2 ауылшаруашылық кооператив, 12 жеке кәсіпкер тіркелген, соның ішінде 6 жеке кәсіпкер мал өсірумен, 6 жеке кәсіпкер  сауда-саттықпен айналысады.

Ауылшаруашылығы дамуы негізінде 1997 жылдан бері электро жарығы болмаған Қара Найза ауылына Республикалық бюджеттен 30 млн. қаражат бөлініп электро желілері тартылып электро жарығы берілді. Осы ауылда мал өсірумен және егіншілікпен айналысатын «Қара Найза» ЖШС-мен және 4 ауылдың тұрғындарының малын өздеріне алып бордақылайтын «Азат-ет» кооперативі жұмыс істеп жатыр. 20 ауыл тұрғыны осы шаруашылықта еңбек етеді.

Әлеуметтік қамсыздандыру

Барлық билiк құрылымдарының жұмысының маңызды басымдықтары халықты әлеуметтiк қорғау болып табылады. Ауыл  бойынша 151 зейнеткер бар. Олардын  зейнетақысы  мемлекеттік  және зейнетақы  жинау  қорынан «Казпошта»  арқылы  таратылады. Ауыл  бойынша 2020 жылы 2 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 976 мың 392  теңге   көлемінде жәрдемақы төленді.

Ақылы қоғамдық жұмысқа 5 адам тартылды.  Жұмыспен-қамту-2020» бағдарламасының 2 бағыты бойынша 2 адам  ішнара  кәсіпкерлік негізін  оқып, мал  шаруашылығын дамыту мақсатында Асқар Бердіхан 2 млн. 400 мың, Муса Шукура 3 млн. 900 мың теңге көлемінде шағын  микрокредит алды.

Жеңіс күніне орай «Алтын бидай» ЖШС директоры Дубровкин С.И. және « Нұр алтыны Астана» директоры Толеубеков М.К. демеушілігімен 45 мың теңгеге 10 тыл еңбеккерлеріне азық-түлік себеті табыс етілді.

Халықаралық қарттар күніне , «Sc food» ЖШС, «Алтын бидай» ЖШС, «Нұр алтыны Астана» ЖШС, «Толы сервис» ЖШС, «Қара Найза» ЖШС, «Алтын жебе» ЖШС демеушілігімен 75 жастан асқан қарт адамдар мен мүгедектерге 115 мың теңгеге азық-түлік себеті табыс етілді.

Төтенше жағдайға байланысты көрсетілген көмек:

1.     «Камила», «Үш бұлақ» ЖШС-терінің демеушілігімен  4 отбасыға 50 мың теңгеге азық-түлік себеті берілді.

2.     Қасиетті Рамазан айында жеке кәсіпкер Абишев Рашидтің демеушілігімен 15 отбасыға 100 мың теңгеге азық-түлік берілді.

3.     Рамазан айында Ақкөл аудандық маслихатының депутаты Нұрсадықов Қ.Д.        2 отбасыға 14 мың көлемінде азық-түлікпен көмек көрсетті.

4.     «KAZBEEF LTD» ЖШС 210 мың теңгеге 15 отбасыға азық-түлік себеттерін таратты.

5.     Жеке кәсіпкер Оразбаев Жанболат ауыл тұрғындарына 65 мың теңгеге тегін нан таратты.

6.     «Sc food» ЖШС 20 отбасыға 120 мың теңгеге ет таратты.

7.     «Толы сервис» ЖШС Ақкөл аудандық ауруханасына қажетті шприц дозатор 650 мың теңгеге сыйлады.

8.     «Самұрық сервис строй» ЖШС-нің бас атқарушы директоры Байменшин Е.Н. Азат ауылының амбулаториясына пульсоксиметр мен контактісіз термометр сыйлады.

9.     Азат ауылының тұрғындары Ақкөл аудандық ауруханасының провизорлық бөлімшеде коронавируспен күрес жүргізіп жатқан қызметкерлерге 80 мың теңгеге азық-түлік апарып табыс етті, Мұса Ерболат қой апарып берді.

 Денсаулық саласы

Ауылдық дәрігерлік емханада 2 жоғары білімді 4 орта білімді маман дәрігерлер жұмыс істейді. Ауруларды тасымалдауға арналған УАЗ автокөлік бар. 2020 жылы 5946      адам дәрігерлердің қабылдауында болып, 130 адам  күндізгі стационарда емделіп шыққан.  2020 жылы ауыл бойынша cкринингтік тексеруден 25 жас пен 70 жас аралығындағы 150 адам  өтті,  тексеру нәтижесінде  17  адамға уақытылы емделу  шаралары  алынып,  17 адам диспансерлық  есебіне  алынды. Ауыл амбулаториясында 600 мың теңгеге жылу жүйесіне күрделі жөндеу өткізілді.

Коронавируспен Азат ауылында 20 адам ауырды, 1 адам ковид-19-дан қайтты, 1 адам коронавирус пневмониясынан қайтты.

Білім беру саласы

Ауыл бойынша 1 жалпы білім беретін орта мектеп бар. Жаңа оқу жылында жалпы ауыл бойынша 149 оқушы. Мектеп алды даярлық тобында - 11 бала, шағын орталықта - 28 бала тәрбиеленуде. Мектепте 36 мұғалім жұмыс істейді. Біліктілік санаттары бойынша 3 жоғары санатты, 7 бірінші санатты, 12 екінші санатты ұстаздар оқушыларға білім беруде.      Мектепте тозығы жеткен 115 ағаш терезелер Республикалық бюджеттен берілген 12 млн. теңгеге пластикалық терезелерге ауыстырылды. Бастауыш сыныптар оқитын интернат ғимаратында жылу жүйесіне жөндеу өткізілді, 2 қазандық, су сорғы, қазандықты үрлегіш, қақпақ клапандары ауыстырылды.

2021 жылға Басым мiндеттер

- Елбасының Жолдауын жүзеге асыру үшiн ауылдың одан әрi әлеуметтiк-экономикалық дамуын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасады;

- Ауылдық жерлерде шағын және орта бизнестiң одан әрi дамуын қолдау, кәсiпкерлiктi несиелендiруге көмектесу.

- Ауылды абаттандыру және санитария бойынша жұмыстар жалғастырылады

- Iшкi жолдарды жөндеу және көшелердi жарықтандыру жұмыстары жасалады.

С. Ыдырысов, Азат ауылының әкімі

Дата публикации
15 января 2021