Ақкөл қаласы әкімінің есеп беру тезисі
Қаланың, ауданның жергілікті атқарушы органдарының барлық жұмысы мақсаттар мен міндеттерді орындауға, Мемлекет басшысы белгілеген, республикамыздың экономикасын дамытуға бағытталған мәселелерді шешуге бағытталған.
Ақкөл қалалық округінің құрамына Ақкөл орман шаруашылығы, Ерназар ауылы, Радовка ауылы, 29,30 разъезд, Ақкөл қаласы кіреді.
2021 жылдың 1 қаңтарына халық саны -15721 адамды құрады, оның ішінде қалалық -15315 немесе (97%), ауылдық - 406 (2,58%).
2020 жылғы қаңтармен салыстырғанда халық саны 67 адамға артты.
2020 жылға арналған қала бюджетінің кірістері келесі «Салықтық түсімдер» көздері есебінен анықталды»:
- аудандық маңызы бар қала аумағында тіркелген жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынбайтын табыстары бойынша -29 751,061 мың теңге сомасында;
- жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық, мүлкі аудандық маңызы бар қала аумағында орналасқан, 955,278,93 мың теңге сомасында;
- елді мекендердің жерлеріне жеке және заңды тұлғалардан алынатын жер салығы, 15 315 442 мың теңге сомасында;
- аудандық маңызы бар қалада тіркелген жеке және заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық сомасы 40 785 986 мың теңге.
- сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлем-1,204,245,65 мың теңге.
Қызмет көрсету және сауда саласында 2020 жылы жалпы сомасы 85 млн. теңгеге 2 жоба іске асырылды:
1. «Бойко» ЖК сауда үйінің құрылысы, құны 35 млн.теңге, 10 жұмыс орнын құрумен. 2020 жылдың қараша айында пайдалануға берілді.
2. «Кривицкая» ЖК сауда орталығының құрылысы, құны 50 млн. теңге, 10 жұмыс орнын құрумен. 2020 жылғы желтоқсанда пайдалануға берілді.
2020 жылдың ағымдағы кезеңінде қаланың демеушілері мен кәсіпкерлері 3 млн.200 мың теңге сомаға көмек көрсетті.
«Мектепке жол» акциясы аясында мектеп формасын, аяқ киім, кеңсе тауарларын сатып алуға көмек-658 725 теңге.
45 отбасыға 10136,2 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек төленді.
2019 жылы Ақкөл қаласындағы «Степной-4» шағын ауданында су құбыры желілерінің құрылысы" нысанының құрылысы басталды, 115,6 млн.теңге мөлшерінде қаражат бөлінді.
2021 жылы жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, жобалардың ведомстводан тыс сараптамасы алынды:
- «Ақкөл қаласы Бигелдинов көшесі 147/1 бойынша 60 пәтерлі тұрғын үй құрылысы», жобаның жалпы құны 648,5 млн. теңге;
-«Ақкөл қаласы Бигелдинов көшесі 147/2 бойынша 60 пәтерлі тұрғын үй құрылысы», жобаның жалпы құны 648,5 млн. теңге;
- «Ақкөл қаласындағы № 4 АОМ жапсаржай құрылысы» жобасына асхана, 120 орындық ас үй, спортзал, 4 оқу сыныбы кіреді, жалпы құны 359,5 млн.теңге;
- Ақкөл қаласындағы Бигелдинов көшесі 147/1, 147/2 бойынша екі 60 пәтерлі тұрғын үйге электрмен жабдықтау құрылысы жобасының жалпы құны 31,5 млн.теңге;
- - «Ақкөл қаласындағы Бигелдинов көшесі 147/1, 147/2 мекен-жайындағы екі 60 пәтерлі тұрғын үйді абаттандыру және электрмен жарықтандыру», жобаның жалпы құны 125,7 млн.теңге;
- «Ақкөл қаласы Бигелдинов көшесі 147/1, 147/2 бойынша екі 60 пәтерлі тұрғын үйге инженерлік желілер салу», жобаның жалпы құны 109,8 млн.теңге;
- «Ақкөл қаласы Бигелдинов көшесі бойынша төрт 60 пәтерлі тұрғын үйге қазандық салу», жобаның жалпы құны 94,2 млн.теңге.
«Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 136,7 млн. теңгеге 2 жоба іске асырылды, оның ішінде:
- 2020-2021 жылдардағы жылу маусымына дайындық мақсатында «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша коммуналдық қазандықтар мен жылу желілерін жөндеуге (186,6 млн.теңге) қаражат бөлінді.
Облыстық бюджеттен «Ақкөл-Горкомхоз» ШЖҚ МКК мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жарғылық капиталын ұлғайтуға 26,8 млн.теңге, КамАЗ автомашинасы негізінде қоқыс шығаратын мамандандырылған техника сатып алуға қаражат бөлінді.
Абаттандыру бойынша іс-шаралар шеңберінде жол төсемдері мен тротуарларды тазалау, жиек тастарды әктеу, көгалдарды жинау, ағаштар мен бұталарды кесу, қурайды жою, ағаштарды әктеу бойынша жұмыстар жүргізілді.
Нұрмағамбетов көшесі бойынша 5,7 көппәтерлі тұрғын үйдің шатырын ағымдағы жөндеу-15 млн.теңге сомасына, Ақкөл көлі жағалауын төсеу-8 млн.300 мың теңге сомасына, Ерназар ауылы және Радовка ауылы жолдарын ағымдағы жөндеу-7 млн. 500 мың теңгеге, Ақкөл қаласы жолдарын ағымдағы жөндеу-8 млн. 290 мың теңгеге жүргізілді.
8300,0 мың теңге сомасына ұзындығы 1 км қалаға кіре берісте 26 бағаналар мен жарықтандыру шамдары орнатылды.
Өткен кезеңде қала әкімі аппаратына азаматтардан 116 өтініш келіп түсті, оның 49-ы оң шешімін тапты, қалғандары бойынша ҚР қолданыстағы заңнамасы аясында кеңестер мен түсініктемелер берілді.
Қала әкімдігімен 5 Мемлекеттік қызмет көрсетіледі: - жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге рұқсат беру; елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру; Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу; жер учаскесін жеке меншікке бір рет немесе бөліп-бөліп сату; жер учаскесін алуға кезекке қою. Өткен уақыт кезеңінде -258 Мемлекеттік қызмет көрсетілді. Қызметтер тегін көрсетіледі.
А. Кривицкий, Ақкөл қаласының әкімі