2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Ақкөл аудандық мәслихаты  депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Ақкөл аудандық мәслихаты  депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы


           «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының      14-бабының 2), 8) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы №60/99 «2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан  Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың  үлгі күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» қаулысына  сәйкес, Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Ақкөл аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі     іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  2. Осы қаулы Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

Төрайым                                                                                     Д. Жетпісова

 

Хатшы                                                                                         И. Маскайкина

 

 

Ақкөл қаласы

13 қазан 2026 жыл

№57/65

Дата публикации
17 октября 2026