Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) қазіргі уақытта «Ақмола облысының 2026–2030 жылдарға арналған қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу» жобасы әзірленіп жатқанын хабарлайды.
Жоғарыда баяндалғандарға байланысты қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарландыру мәтінін мекемеңіздің ресми интернет-ресурсында, сондай-ақ жұртшылықтың онымен танысуына мүмкіндік беретін, көпшілікке қолжетімді жерде орналасқан ақпараттық стендте орналастыру үшін жолдаймыз.
Сонымен қатар, 2026 жылғы 17 қазанға дейін Басқарманың электрондық пошта мекенжайына (dpr_2007@mail.ru) хабарландырудың орналастырылғанын растайтын материалдарды, атап айтқанда, мекеменің ресми интернет-ресурсында жарияланған материалға сілтемені және орналастырылған хабарландырудың күні мен уақыты фотосуретте көрсетілген фотосуретін жолдауыңызды сұраймыз.
Қосымша: хабарландыру мәтіні.