2026 жылғы 3 тоқсанда қоғамдық кеңесте мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін қарау

АҚКӨЛ АУДАНЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІ

 

 

03.09.2026

 

 

       Ақкөл ауданының қоғамдық кеңесі «Ақкөл ауданы әкімінің аппараты» ММ Мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау жөніндегі бас инспекторы Ж.Т. Әйтімовтің ақпаратын тыңдап, талқылап, 2026 жылдың 3 тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсету сапасы туралы ақпарат ҰСЫНАДЫ:

  1. «Ақкөл ауданы әкімінің аппараты» ММ Мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау жөніндегі бас инспекторы Ж. Т. Әйтімовтің Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы туралы ақпараты 2026 жылдың 3 тоқсанында назарға алынсын.
  2. Ұсыну:

          - Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қолданылатын компьютерлік техниканы жаңартуды көздеу;

    - аудандардың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Азат ауылы әкімінің аппаратында «Сервистік әкімдік» ашылуын көздеу;

- Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты БАҚ-та және әлеуметтік желілерде орналастыруды қамтамасыз ету.

            - ұсынымдарға жауабын 17.09.2026 жылға дейін ұсынуыңызды сұраймыз.

 

 

Қоғамдық кеңестің төрағасы                                                       И. Ганькевич

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
04 сентября 2026