Құрметті қызмет алушылар!
2026 жылғы 18 мамырдағы № С 59-7 «Ақкөл аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің қолданысын тоқтата тұру туралы» Ақкөл аудандық мәслихатының шешімімен бұрын бекітілген бас жоспарлардың тұрғын үй функционалдық аймағына (үй маңындағы құрылыс) және жеке тұрғын үй құрылысы аумақтарына қатысты бөлігі, оның ішінде мемлекеттік меншіктегі, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, бау-бақша және саяжай құрылысы үшін берілуі мүмкін жер учаскелеріне қатысты қолданысы тоқтатыла тұрды.
Аталған шешімге сәйкес Ақкөл аудандық мәслихатының мынадай шешімдерінің қолданысы тоқтатыла тұрды:
2020 жылғы 16 маусымдағы № С 58-3 «Талқара, Кеңес, Айдарлы, Ақкөл орман шаруашылығы ауылдарының даму және құрылыс салу схемаларын (оңайлатылған бас жоспар) бекіту туралы» шешімі — 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін;
2021 жылғы 2 тамыздағы № С 6-3 «Ақмола облысы Ақкөл ауданы Еңбек ауылының даму және құрылыс салу схемасын (оңайлатылған бас жоспар) бекіту туралы» шешімі — 2028 жылғы 31 желтоқсанға дейін;
2021 жылғы 2 тамыздағы № С 6-4 «Ақмола облысы Ақкөл ауданы Домбыралы ауылының даму және құрылыс салу схемасын (оңайлатылған бас жоспар) бекіту туралы» шешімі — 2028 жылғы 31 желтоқсанға дейін.
Осыған байланысты қала құрылысы құжаттамасына (бас жоспарлар мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына) тиісті түзетулер енгізілгенге дейін аталған мақсаттар үшін тиісті аумақтар шегінде жер учаскелерін беру мүмкін емес.
Жер учаскелерін беру қала құрылысы құжаттамасы өзектендіріліп, функционалдық аймақтар айқындалғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын болады.