Сайлау қорытындысы туралы ХАБАРЛАМА

ХАБАРЛАМА

 

2026 жылғы 19 шілдеде  Ақмола облысы Ақкөл ауданы Урюпин ауылдық округінің әкімін сайлау өтті.

Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Ақкөл ауданы Урюпин ауылдық округі әкімін сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын анықтады:

Урюпин сайлау округі

Урюпин ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1103 азамат енгізілді, олардың 757-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 118, «Бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар- 23.

Әрбір кандидатқа берілген дауыс саны:

Әйтімов Ж.Т.  – 36; Балпанов С.С. - 530; Еділіпова Қ.Қ. - 50.

        Урюпин ауылдық округінің әкімі болып «Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі»    ММ   бас инженері, Ақкөл ауданы Ақкөл қаласында тұратын, 1976 жылы туған Балпанов Серік Сағатұлы сайланды, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

 

Ақкөл аудандық

аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
20 июля 2026