Ақкөл ауданы Урюпин ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу нәтижелері туралы ақпарат

Ақкөл  ауданы Урюпин ауылдық округі әкіміне кандидаттарды
тіркеу  нәтижелері туралы ақпарат

          2026 жылғы 28 маусымда сағат 18.00-де Ақмола облысы Ақкөл ауданы Урюпин ауылдық округіне әкім болуға кандидаттарды тіркеу аяқталды.

Ұсынылған 4 кандидаттан 3 кандидат тіркелді. Олар:

- Әйтімов Жаңабай Тілектесұлы, 1993 жылы туған, «Ақкөл ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау жөніндегі бас инспекторы, Ақкөл ауданы Ақкөл  қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

- Балпанов Серік Сағатұлы,  1976 жылы туған, «Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі»    ММ   бас инженері, Ақкөл ауданы Ақкөл  қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

- Еділіпова Құралай Қабиболлақызы, 1988 жылы туған, «Ақкөл ауданы әкімінің аппараты»   ММ  персоналды басқару  бірыңғай қызметінің басшысы,  Ақкөл ауданы Ақкөл қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

Ақкөл аудандық аумақтық

сайлау комиссиясы

Дата публикации
29 июня 2026