Кандидаттарға арналған үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін баспа алаңын ұсыну шарттары мен төлем мөлшері туралы мәліметтер

2026 жылғы 19 шілдеге Ақкөл ауданы Урюпин ауылдық округінің әкімін сайлау тағайындалуына байланысты, Ақкөл аудандық  «Ақкөл арайы» газетінің редакциясы» әкімдікке кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау үшін баспа алаңын ұсынады.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес, үгіт материалдарын жариялау кезектілігі олардың редакцияға келіп түсу тәртібімен белгіленеді. Үгіт материалдарының газет беттеріндегі орналасу тәртібін редакция дербес айқындайды.

Баспа алаңын ұсыну үшін төлем мөлшері:

  • бір шаршы сантиметр үшін – 400 (төрт жүз) теңге.
Дата публикации
22 июня 2026