Аудан әкімі Б. Әбдірахманов Наумов ауылдық округінің тұрғындарымен есептік кездесу өткізді. Кездесу барысында округтің дамуы мен халықтың өмір сүру сапасын арттыруға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Денсаулық сақтау, автомобиль жолдарын жөндеу және көшелерді жарықтандыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тұрғындар аталған бағыттар бойынша өз ұсыныстарын, ескертулері мен тілектерін айтты. Кездесу соңында аудан әкімі азаматтарды жеке қабылдады.

Дата публикации
04 июня 2026