Аудан әкімі Б. Әбдірахманов Еңбек ауылдық округінің тұрғындарымен есептік кездесу өткізді. Кездесу барысында елді мекендерді абаттандыру, аумақтың санитарлық жағдайы, сондай-ақ округті дамытуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға қатысты басқа да өзекті тақырыптар талқыланды. Тұрғындар аталған бағыттар бойынша өз ұсыныстарын, ескертулері мен тілектерін айтты. Кездесу соңында аудан әкімі азаматтарды жеке қабылдады.

Дата публикации
03 июня 2026