Аудан әкімі Б. Әбдірахманов Новорыбин ауылдық округінің тұрғындарымен есептік кездесу өткізді. Кездесу барысында денсаулық сақтау, білім беру, көшелерді жарықтандыру, кентішілік жолдарды жөндеу, ауыл шаруашылығы жануарларын жаюды ұйымдастыру мәселелері, сондай-ақ округті дамытуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға қатысты басқа да өзекті тақырыптар талқыланды. Тұрғындар аталған бағыттар бойынша өз ұсыныстарын, ескертулері мен тілектерін айтты. Кездесу соңында аудан әкімі азаматтарды жеке қабылдады.
Дата публикации
03 июня 2026