Аудан әкімі Б. Әбдірахманов Кеңес ауылдық округінің тұрғындарымен есептік кездесу өткізді. Кездесу барысында елді мекендердегі көше жарығы, абаттандыру, ауылішілік жолдарды күтіп ұстау және округтің дамуы мен халықтың өмір сүру сапасын арттыруға қатысты өзге де өзекті мәселелер талқыланды. Тұрғындар аталған бағыттар бойынша өз ұсыныстары мен ескертулерін білдірді. Кездесу соңында аудан әкімі азаматтарды жеке қабылдады.

Дата публикации
03 июня 2026