Аудан әкімі Б. Әбдірахманов Қарасай ауылдық округінің тұрғындарымен есептік кездесу өткізді. Кездесу барысында округтің дамуындағы өзекті мәселелер талқыланып, тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді. Кездесу қорытындысы бойынша аудан әкімі азаматтарды жеке қабылдады. Жұмыс сапары аясында аудан әкімі «Тын Жер» ЖШС-де болып, көктемгі егіс жұмыстарының қорытындыларымен танысты. Шаруашылық басшылығы атқарылған жұмыстар және ауыл шаруашылығы алқаптарының қазіргі жағдайы туралы ақпарат ұсынды.

https://manager-gov.egov.kz/uploads/2026/6/4/9abda655a57c72a6843b89dc90b16171_original.8069658.mp4
Дата публикации
02 июня 2026