Новорыбин ауылдық округі аумағында 3 мектеп жұмыс істейді:
Новорыбин ауылының жалпы білім беретін мектеп-бақшасы.
1980 жылы салынған ғимарат. Жалпы ауданы -2759,7 м2. Жобалық қуаты-410 оқушы. Іс жүзінде 115 оқушы оқиды, 50 орындық балабақша (1999 ж. құрылған жылы). 2020 жылы мектеп ғимаратына күрделі ішкі және сыртқы жөндеу жүргізілді
Құрылыс ауылының негізгі орта мектебі.1967 жылы салынған ғимарат. Жалпы ауданы -368 м2. Жобалық қуаты -70 оқушы. Іс жүзінде 12 оқушы оқиды.
Қараөзек ауылының А.Б. Құсайынов атындағы негізгі орта мектеп.
1997 жылы салынған ғимарат. Жалпы ауданы -1800 м2.
Жобалық қуаты-88 орын. Іс жүзінде 21 оқушы оқиды.
2022 жылы ғимаратқа ағымдағы ішкі жөндеу жүргізілді, жылу жүйесі ауыстырылды және жұмсақ шатыр жөнделді.