Новорыбин ауылдық округінде әлеуметтік - экономикалық даму шеңберінде 2021 - 2022 жылдары келесі жобалар іске асырылды:
- Новорыбин ауылында көше жарығын орнату бойынша жұмыстар жүргізілді 109 шам және Қараөзек ауылында Ардагерлер көшесінде 23 тірек орнатылды.
- Новорыбин ауылында (Украин, Жағалау, Староселская, Абай, С. Сейфуллин, А. Құсайынов көшелері бойынша) 101,2 млн. теңге сомаға (облыстық бюджет) ұзындығы 4 км. орташа жол жөнделді.
- Новорыбин ауылындағы П.С. Стрельцов көшесіндегі су өткізгіш жол көпірін ағымдағы жөндеу жұмыстары 4,9 млн. теңге сомасына аяқталды (аудандық бюджет).
- Мектепке, ауылдық мәдениет үйіне және спортзалға жылу беретін қазандық ғимаратына ағымдағы сыртқы және ішкі жөндеу жұмыстары жүргізілді, шатырға жөндеу жұмыстары жүргізілді, 8,4 млн. теңгеге (облыстық бюджет) және жаңа қазандық орнатылған.
- Құрылыс ауылындағы су мұнарасына 10,0 млн. теңге сомасында жөндеу жұмыстар жүргізілді (облыстық бюджет)
- Новорыбин ауылының су құбыры жүйесіне күрделі жөндеу жүргізілді
- Қараөзек ауылының А.Б. Құсайынов атындағы мектебінде келесі жұмыстар өткізілді:
- жылу жүйесі ауыстырылды,
- 3,3 млн. теңгеге (облыстық бюджеттен) жұмсақ шатыр жөнделді
- 4,0 млн. теңге сомасына жылу трассасы ауыстырылды (облыстық бюджет)
- қазандық ғимаратына ағымдағы жөндеу 2,3 млн. теңге (облыстық бюджеттен) жүргізілді.
- 2023 жылы Новорыбин ауылында 19,8 млн. теңге сомасына (облыстық бюджеттен) автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу жүргізілді