2026 жылдың бірінші жартыжылдығында
Наумов ауылдық округінде ауылдық округ әкімі халықпен кездесулер өткізу туралы
Ақпарат
Мемлекет басшысының 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 "халықпен кездесулер өткізу туралы" Жарлығына және бекітілген кестеге сәйкес 2026 жылғы 13-21 мамыр аралығында Наумов ауылдық округінде халықпен 3 кездесу өткізілді, оның ішінде:
* 3 кездесу - ауылдық округ әкімінің қатысуымен.
Кездесулерді Facebook, Instagram және Whats App мессенджері арқылы өткізу кестесі аудандық "АқкөлАрайы" газетінде алдын ала жарияланып, ауылдық округ әкімдігінің ресми беттерінде жарияланды.
Іс-шараларға 90 адам қатысты. Кездесулер барысында қатысушы сөз сөйледі. Барлық келіп түскен ұсыныстар әлеуметтік сипатта болды; экономикалық және саяси сипаттағы ұсыныстар болған жоқ.
Ауыл тұрғындарын толғандыратын негізгі мәселелер жолдарды жөндеу және салу — 1 ұсыныс (33.3%), инфрақұрылымды дамыту — 1 ұсыныс (33.3%), сондай — ақ абаттандыру, санитарлық тазалау және экология мәселелері-1 ұсыныс (33.3%) болды.
Келіп түскен барлық 3 ұсыныс қаралды, оның 1-уі Наумов ауылдық округі тұрғындарының есептік кездесулер барысында айтқан ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізілді.
Кездесулер аяқталғаннан кейін азаматтардың жеке қабылдаулары ұйымдастырылды, олардың шеңберінде тұрғындардың өтініштері қосымша қаралды.
Жоспардың орындалу барысы тоқсан сайын Наумов ауылдық округі әкімдігінің ресми сайтында орналастырылатын болады.
Кездесулер селолық округ әкімінің атына айтылған сын-ескертпелерсіз ұйымдастырылды.
Наумов ауылдық округі әкімінің аппараты