Ақмола облысы Ақкөл ауданы Еңбек ауылдық округі әкімдігі азаматтардың құқықтық мәдениеті мен құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында тұрғындарды қолданыстағы және талқылану үстіндегі нормативтік құқықтық актілермен таныстыру үшін ақпараттық жүйелерге қолжетімділігі бар «Құқық кабинетін» немесе «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышын» құрды.
«Құқық кабинеті» мен «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» автоматтандырылған ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстарға қолжетімділікпен қамтамасыз етілген. Атап айтқанда: «Әділет» ААЖ, Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкі, «Заң» деректер базасы, «Ашық НҚА» порталы, «eGov», «e-Өтініш», «ZanKomegi» жүйесі, «Тараптар кабинеті», сондай-ақ халыққа құқықтық және ақпараттық-түсіндіру көмегін көрсетуге қажетті компьютерлік және ұйымдастыру техникасымен жабдықталған.
«Құқық кабинеті» мен «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» тұрғындарға құқықтық және ақпараттық-түсіндіру көмегін көрсету үшін қажетті компьютерлік және ұйымдастыру техникасымен жабдықталған.
Құрметті Ақмола облысы Ақкөл ауданы Еңбек ауылдық округінің тұрғындары!
Құқықтық мәселелер туындаған жағдайда, төмендегі мекенжайда орналасқан «Құқық кабинетінің» қызметін пайдалана аласыздар:
Мекенжайы: Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Еңбек ауылы, Бейбітшілік көшесі, 39, «Ақкөл ауданы Еңбек ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ.
Байланыс телефоны: 8 (716) 3-71-01.
Жұмыс уақыты: сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін.
Түскі үзіліс: 13:00-ден 14:30-ға дейін.
Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
Аудан әкімі Б. Әбдірахманов Еңбек ауылдық округінің тұрғындарымен есептік кездесу өткізді.
Кездесу барысында елді мекендерді абаттандыру, аумақтың санитарлық жағдайы, сондай-ақ округті дамытуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға қатысты басқа да өзекті тақырыптар талқыланды.
Тұрғындар аталған бағыттар бойынша өз ұсыныстарын, ескертулері мен тілектерін айтты.
2026 жылғы 15 мамырда Ақкөл ауданы Еңбек ауылында ауылдық округ әкімі Досмухамбетов А.Ж. халықпен есеп беру кездесуі өтті.
Ауылдық округ әкімі ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат беріп, тұрғындарды алдағы кезеңге арналған жоспарлармен таныстырды. Кездесуде абаттандыру, жол жөндеу және көше жарығы мәселелері бойынша сұрақтар қойылды.
2026 жылғы 14 мамырда Рамадан және Табиғат шағын ауылдарында ауылдық округ әкімі Досмұхамбетов А.Ж.-ның халықпен есеп беру кездесулері өтті.
Кездесулерге аудандық мәслихат төрағасы Абаханов С.Ш. қатысты. Депутат өз сөзінде ауылдық аумақтарды дамытудың өзекті мәселелеріне тоқталды: ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қолдау және несиелендіру шаралары, құрылтай сайлауы, аз комплектілі мектептердің мәселелері, сондай-ақ аудандық жобаларды жүзеге асыруға қаражат бөлу мәселелері.
Ауылдық округ әкімі ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат беріп, тұрғындарды алдағы кезеңге арналған жоспарлармен таныстырды.
Кездесу соңында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтар қойып, шешімін табуды талап ететін проблемалық мәселелерді ортаға салды.
Еңбек ауылында арықтар мен су өткізу арналары кеңейтіліп, тазартылды, қар шығарылды, сондай-ақ суды кейін сорып алу үшін жинақтағыш қардан тазартылды.
Еңбек ауылында Ақкөл ауданының әкімі мен халық арасында кездесу өтті
Табиғат және Рамадан шағын ауылдарында Еңбек ауылдық округінің әкімі мен тұрғындар арасында есеп беру кездесулері өтті