«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру-сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметіне сенімін арттырудың маңызды аспектісі.
"Ақкөл ауданы Еңбек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
"Ақкөл ауданы Еңбек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтің 6 түрі көрсетіледі, оның ішінде:
1.« Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру»;
2.« Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;
3.« Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу»;
4.« Жер учаскесін жеке меншікке, біржолғы немесе бөліп-бөліп сату»;
5.« Жер учаскесін алуға кезекке қою»;
Тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны-6.
Қағаз және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны-6.
2023 жылы Еңбек ауылдық округінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны-83, оның ішінде:
«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» - 4 қызметтер;
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 0 қызмет;
«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» - 24 қызметтер;
«Жер учаскесін алуға кезекке қою» - 55 қызмет.