Ақкөл аудандық мәслихатының
2024 жылғы 25 желтоқсандағы
№ С34-7 «2025-2027 жылдарға
Арналған Ақкөл ауданы Еңбек
ауылдық округінің бюджеті туралы»
шешіміне өзгерістермен
толықтыру енгізу туралы
Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Ақкөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № С34-7 «2025-2027 жылдарға арналған Ақкөл ауданы Еңбек ауылдық округінің бюджеті туралы»шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1.2025-2027 жылдарға арналған Ақкөл ауданы Еңбек ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 72 379,3 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 6 761,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 65 618,3 мың теңге;
2) шығындар –74 692,5 мыңтеңге;
3) таза бюджеттік кредит беру – 0,0 мың теңге;
4) қаржы активтері мен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;
5) бюджеттің тапшылығы (профициті) – -2 313,2 мың теңге;
6) бюджеттің тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 2 313,2 мың теңге»;
Көрсетілген шешім осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын;
Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.