Мемлекет басшысының 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 «Халықпен кездесулер өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, Еңбек ауылдық округінің әкімі тұрғындармен кездесулер өткізді.
Кездесулер кестесі ауыл әкімдігінің ресми парақшасында орналастырылды, сондай-ақ әлеуметтік желілер (Instagram, Facebook) және WhatsApp мессенджері арқылы таратылды.
Іс-шараларға 40 адам қатысты. Кездесулер барысында 7 қатысушы сөз сөйледі. Келіп түскен барлық ұсыныстар әлеуметтік сипатта болды; экономикалық және саяси сипаттағы ұсыныстар болмады.
Ауыл тұрғындарын толғандыратын негізгі мәселелер жолдарды жөндеу және салу – 3 ұсыныс (43%), инфрақұрылымды дамыту – 1 ұсыныс (14%), сондай-ақ абаттандыру, санитарлық тазалық және экология мәселелері – 3 ұсыныс (43%) болды.
Келіп түскен 7 ұсыныстың барлығы қаралды, оның ішінде 1 ұсыныс Еңбек ауылдық округі әкімінің есептік кездесуі барысында халықтың айтқан ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізілді. Жоспардың орындалу барысы Еңбек ауылдық округі әкімдігінің ресми сайтында тоқсан сайын орналастырылатын болады.
Кездесулер ұйымшылдықпен өтті, облыс, аудан және ауыл әкімдеріне қатысты сын ескертулер болмады.
Еңбек ауылдық округі
әкімінің аппараты