Құрметті Ақмола облысы Ақкөл ауданы, Азат ауылы тұрғындары!
Ақмола облысының Ақкөл ауданы, Азат ауылы азаматтардың құқықтық сауаттылығын және мәдениетін арттыру мақсатында халықтың қолданыстағы және талқылаудағы нормативтік құқықтық актілерімен танысу үшін ақпараттық жүйеге қолжетімділігімен «құқық кабинеттері», «өзіне-өзі қызмет көрсетубұрыштары» қызмет атқарады.
«Құқық кабинеттері»,«өзіне-өзі қызмет көрсетубұрыштары» автоматтандырылған ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстарға, оның ішінде: «Әділет» ААЖ, НҚА эталондық бақылау банкі, «Заң» деректер базасы, «Ашық НҚА» порталы, «eGov»,«e-Өтініш», «ZANKomegi» және «Тараптар кабинеті» жүйелеріне қолжетімділік қамтамасыз етілген.
«Құқық кабинеттерінің» «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» халыққа құқықтық және ақпараттық-түсіндіру көмегін көрсету үшін қажетті жарамды компьютерлік және ұйымдастыру техникасымен жабдықталған.
Құрметті азаматтар Ақкөл ауданы, Азат ауылы құқықтық сұрақтар туындаған кезде Сіз Азат ауылы Орталық 1А мекенжайы бойынша көрсетілген құқықтық кабинетті қолдана аласыз.
Аудан әкімі Б. Әбдірахманов Азат ауылының тұрғындарымен есептік кездесу өткізді. Кездесу барысында елді мекенді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдіріп, ауылды абаттандыру және әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселелері бойынша пікірлерімен бөлісті. Кездесу қорытындысы бойынша аудан әкімі азаматтарды жеке қабылдады.
Жұмыс сапары аясында аудан әкімі салынып жатқан мәдени-спорт кешеніне барып, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Ол аталған нысанның ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытудағы маңыздылығын атап өтіп, құрылыс жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтау қажеттігіне назар аударды.