Меню

Страницы

Статья

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

Ауылдың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы: тұрғын үй қоры 277 үйді құрайды. Азат ауылы әкімі аппаратының теңгерімінде су құбыры бар. Су құбыры 2021 жылы «Сапалы су» бағдарламасы бойынша пайдалануға берілді. Екі жүз сексен екі аула орталық сумен жабдықтауға қосылған. Ай сайын ауыз судың сапасына бақылау жүргізіледі, бұдан басқа, аудандық бюджет есебінен су құбыры желілеріне күзгі және көктемгі дезинфекция жүргізіледі.

Ауылдың аумақтарын санитарлық тазалау, көгалдандыру және абаттандыру жөніндегі іс-шараларды орындау мақсатында:

- мемлекеттік мекемелердің, өндірістік объектілердің және жеке аулалардың аумақтарында сенбіліктер өткізіледі;

- елді мекендерде ағаштар мен бұталар отырғызылады;

- қоқыс пен қалдықтарды шығару.

- кент ішіндегі жолдарды шұңқырлар жөндеу.

Соңғы 3 жылда өмір сүру сапасын жақсарту және ауыл тұрғындары үшін неғұрлым жайлы өмір сүру ортасын құру мақсатында облыстық бюджет қаражатынан әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша 3 жоба іске асырылды, оның ішінде:

- Азат ауылындағы ұзындығы 2500 метр көшені жарықтандыру құрылғысы 10,0 млн. теңгеге өткізілді, 82 тірек орнатылды;

- 120,0 млн.теңге сомасына ұзындығы 4617 метр асфальт төселген кент ішіндегі жолдарға ағымдағы жөндеу жүргізілді (2021 жыл);

- спорт алаңы, тренажерлар және басқа да спорттық жабдықтар орнатылған;

Байланыс саласында 1 пошта бөлімшесі бар.

196 абонентке арналған сандық телефон станциясы жұмыс істейді, оның ішінде 112 абонент МегаЛайн жылдам интернетіне қосылған, 4G қолжетімділігі бар Билайн, Алтел, Теле2 ұялы байланысының базалық станциялары жұмыс істейді. 2020 жылы мемлекеттік мекемелерге кең жолақты интернет (оптикалық талшық) жүргізілді: әкімдік, мектеп, дәрігерлік амбулатория, пошта, полиция пункті.

 

Дата публикации
18 января 2024
Дата обновления
18 января 2024
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

Бағыттар
13 мая 2025
Жергілікті басқару
Бағыттар
18 марта 2024
Жергілікті басқару
Бағыттар
18 января 2024
Өтініш

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы