Азат ауылы әкімінің есебі.
"Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халықпен есептік кездесулерін өткізу туралы" Республика Президентінің биылғы жылы наурыз айындағы Жарлығын орындау мақсатында Сіздерді ауылда 2024 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстар туралы таныстыруға рұқсат етіңіздер.
Азат ауылы әкімінің аппаратымен 2024 жылдың 10 айында шаруашылық кітаптан 13 үзінді берілді. Электрондық үкімет порталы арқылы 271 жеке тұлғаға Электронды Цифрлық Қол дайындауға көмек көрсетілді, 12 сенімхат берілді. Е-лицензирование арқылы 14 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Жеке тұлғалардың 6 өтініші қаралды, оның ішінде жеке қабылдауда 2. Барлық мәселелер оң шешімін тапты, негізінен азаматтар жұмысқа орналастыру, мал бағу, абаттандыру және қаңғыбас иттерді аулау мәселелері бойынша жүгінді.
Азат ауылының дәрігерлік амбулатория типтік ғимаратта орналасқан. Ауылдық емханада 1 жоғары білімді 4 орта білімді мамандар жұмыс істейді. Ауруларды тасымалдауға арналған тозығы жеткен ескі УАЗ автокөлік бар. 2024 жылы 10 айда 4794 адам дәрігердің қабылдауында болып, 59 адам күндізгі стационарда емделіп шыққан, cкринингтік тексеруден 25 жас пен 70 жас аралығындағы 156 адам өтті, тексеру нәтижесінде 5 адамға уақытылы емделу шаралары қолданылып, 5 адам диспансерлік есебіне алынды. Биыл 11 сәби дүниеге келді, 10 адам қайтыс болды.
Әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту
Әлеуметтік мәселелерді шешу – бұл әкімдіктің жұмысындағы негізгі басым бағыттардың бірі болып табылады.
Жалпы ауылымызда 1003 адам тұрады, оның ішінде жұмысқа қабылетті 523 адам, 36 адам жеке өз кәсібімен айналысатын азаматтар.
Ауыл бойынша 113 зейнеткер, 30 – мүмкіндігі шектеулі жандар, 11- көп балалы отбасы тұрып жатыр.
Ауылымызда 4 жалғыз басты зейнеткерлерге әлеуметтік қызметкер қызмет жасайды.
2024 жылы келесі жұмыс түрлері жүргізіліп жатыр:
Ерекше атап өтетін, 2022-24 жылдары аудандық бюджеттен біздің ауылға бір тиын бөлінбеді, дегенмен біз 3 жыл ішінде ауылішілік жолдарды жөндеуге, көшелерді жарықтандыруға, спорт алаңын жөндеуге және балалар алаңын орнатуға бірнеше рет облыстық, аудандық бюджеттік комиссияға өтінімдер бердік. Барлық өтінімдер жауапсыз артқа қайтарылды. Биыл тағыда облыстық бюджеттік комиссияға балалар алаңын салуға, спорттық алаңды ағымды жөндеу өткізуге өтінім ұсындық. Бірақ өтінім тағы қараусыз қайтарылды.