Ақкөл ауданы, Азат ауылы әкімінің 2023 жылға арналған есебі.
Азат ауылы әкімінің аппаратымен 2023 жылы шаруашылық кітаптан 18 үзінді берілді. Электрондық үкімет порталы арқылы 213 жеке тұлғаға Электронды Цифрлық Қол дайындауға көмек көрсетілді, 31 сенімхат берілді. Жеке тұлғалардың 46 өтініші қаралды, оның ішінде жеке қабылдауда 4. Барлық мәселелер оң шешімін тапты, негізінен азаматтар жұмысқа орналастыру, абаттандыру және қаңғыбас иттерді аулау мәселелері бойынша жүгінді.
Азат ауылының дәрігерлік амбулатория типтік ғимаратта орналасқан, Орталық қазандықтан жылытылады, температуралық режим сақталады. Медициналық кадрлармен толық қамтамасыз етілмеген, медбике, зертханашы және дәріхана жұмыс істемейді, ауданнан дәрігер аптасына бір рет келеді, егер оның уақыты болып, келгісі келсе. Флюро тексеруден өту бойынша бір жылға арналған жоспар 100 пайызға орындалды. Скринингтік тексеруден қант диабетімен, қан қысымы бойынша 143 адам өтті, мамографиядан 70 адам.10 сәби дүниеге келді, 11 адам қайтыс болды.
Әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту
Әлеуметтік мәселелерді шешу – бұл әкімдіктің жұмысындағы негізгі басым бағыттардың бірі болып табылады.
Жалпы ауылымызда 1025 адам тұрады, оның ішінде жұмысқа қабылетті 537 адам, 40 адам жеке өз кәсібімен айналысатын азаматтар.
Ауыл бойынша 120 зейнеткер, 29 – мүмкіндігі шектеулі жандар, 15- көп балалы отбасы тұрып жатыр.
2 отбасына атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.
Ауылымызда 5 жалғыз басты зейнеткерлерге әлеуметтік қызметкер қызмет жасайды.
9 мамыр Жеңіс күніне 9 тыл еңбеккерлерін құттықтап, азық-түлік жиынтығы берілді, жалпы соммасы 55 мың тенге.
Сонымен қатар, қарттарды және мүгедектерді қолдау айлығында 32 75 жастан асқан қарттарға және мүгедек зейнеткерлерге азық-түлік жиынтығы ұсынылды, жалпы соммасы 190 мың тенге.
2023 жылдың 10 айында келесі жұмыс түрлері жүргізілді:
Барлық жұмыстар өз қаражатымызға жүргізілгенін атап өткім келеді. 2022-23 жылдары аудандық бюджеттен біздің ауылға бір тиын бөлінбеді, дегенмен біз 2 жыл ішінде ауылішілік жолдарды жөндеуге, көшелерді жарықтандыруға, спорт алаңын жөндеуге және балалар алаңын орнатуға бірнеше рет облыстық, аудандық бюджеттік комиссияға өтінімдер бердік. Барлық өтінімдер жауапсыз артқа қайтарылды.
Ақкөл ауданы Азат ауылының әкімі С. Ыдырысов.