«Ақкөл қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің
2024 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы
қызметі туралы есеп
1.Жалпы ережелер.
«Ақкөл қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтің 7 түрі көрсетіледі, оның ішінде:
Барлық көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны-224.
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 0 мемлекеттік қызмет көрсетілді;
- қағаз түрінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер- 26,
- электрондық нысанда-198;
Барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетілді.
Ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызмет болып табылады мемлекеттік қызмет –«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»-99 өтініш.
2.Қызмет алушылармен жұмыс.
Әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы 14 мақала жарияланды.
Мемлекеттік қызмет көрсету ережесімен стенд рәсімделді.
3.Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
Ақмола облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау бөлімінің басшысы және мамандары мемлекеттік қызмет көрсету саласында семинар-кеңес өткізді.
4.Мемлекеттік қызмет көрсету сапасынбақылау.
Көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан оларға мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.
Халықты әлеуметтік желілер мен аудандық газеттер арқылы «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы хабардар ету тұрақты негізде жүргізіледі.
Уақытында мемлекеттік қызмет көрсету ережелерінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Мерзімдердің бұзылуы анықталған кезде оларды жою және алдын алу бойынша шаралар қабылданады.
«E-gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар. 2024 жылы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 18 қызмет көрсетілді.
2025 жылға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жауапты қызметкерлердің тікелей эфирлер өткізуі жоспарлануда. Мемлекеттік корпорация немесе көрсетілетін қызметті беруші арқылы көрсетудің баламалы нысаны бар көрсетілетін қызметтер бойынша «электрондық үкімет» порталы арқылы өтініштер санын ұлғайту.
Ақкөл қаласының әкімі Ш. Теміржанов