«Ақкөл қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

Ақкөл ауданы әкімдігінің

2018 ж. «05» қаңтардың

№ А-1/4 қаулысымен

бекітілді

 

«Ақкөл қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Ақкөл қаласы әкімінің аппараты (бұдан әрі – әкімнің аппараты) қала әкімнің (бұдан әрі – әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
  2. Әкімнің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Әкімнің аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3.Әкімнің аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылдады, Қазақстан Респубикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөр мен мөртаңба, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.

          4.Әкімнің аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

  1. Әкімнің аппараты заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
  2. Ақкөл қаласы әкімінің аппараты өзінің құзреттілігі бойынша заңда белгіленген тәртіпке сәйкес аумақта міндетті күші бар шешім және өкім түрінде актілер швғарады.
  3. Әкімінің аппараты туралы ереже, оның құрылымын аудан әкімдігімен бекітіледі.
  4. Мемлекеттік органның толық атауы және заңды мекенжайы: «Ақкөл қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 020100, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, С. Нұрмағамбетов көшесі, 102.
  5. Әкімінің аппаратын аудан әкімдігі құрады, қысқартады және қайта ұйымдастырады.
  6. Әкімнің аппараты жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
  7. Әкімнің апаратына әкім аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.

 

 2. Ақкөл қаласы әкімі аппаратының негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

 12.Міндеттер:

    Әкімнің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ маңызы бар мәселелерді шешу.

      13.Функциялар:

  • Қала әкімінің аппараты өз құзіреті шегінде:

     Ақкөл қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын жүзеге асыру;

     нарықтық өзгерістерді және экономикалық реформаларды жүргізу, қаланың экономикалық жағдайын, әлеуметтік саланың, сыртқы саяси және аймақаралық байланыстарын талдау, саяси және әлеуметтік-экономикалық үдерістерін тексеру, шешімін табатын өзекті мәселелерді айқындау және оған сәйкес ұсыныстар жасау;

           меншік нысанынан қарамастан құқықтық реформаларды серпінді өткізу жөнінде үйлестіру әрекеті, заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғалардың әлеуметтік және құқықтық тиімді механизмді пайдалану;

       қаладағы өткізілетін экономикалық және әлеуметтік өзгерістер туралы қоғамдық пікірлерді зерделеу, қаланың қоғамдық өміріндегі мен экономикадағы негативті құбылыстарды ескерту және одан арылу жөнінде ұсыныстар дайындау;

           қала әкімінің қабылданған шешімдерін және өкімдерін орындаушыларға жеткізу, Қазақстан Республикасы Заңдарының, жоғарыда тұрған билік органдарының актілерін, облыс, аудан және қала әкімінің шешімдер мен өкімдерінің орындалуының бақылауын қамтамасыз ету;

       қала әкімінің және орынбасарының қатысуымен өткізілетін алқаларды және басқа да іс-шараларды өткізудің ақпараттық және ұйымдастырушы-техникалық дайындықты қамтамасыз ету;

                          қала әкімінің қызметін құжаттамамен қамтамасыз ету, қызметтік құжаттарды, өтініштерді, арыздарды, азаматтардың шағымдарын қарастыру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі шараларды қолдану, жұмыс орны мен тұрғылықты жері бойынша қала тұрғындарының қабылдауын ұйымдастыру, құжат ағынын талдау, іс қағаздарды жүргізу;

      өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттейді;

                        қаладағы мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын қамтамасыз етеді;

          үй шаруашылығың жүзіге асыру;

  аз қамтылған тұлғаларды анықтау, жұмыспен қамтамасыз ету,   атаулы    әлеуметтік көмек көрсету жөнінде жоғары органдарға ұсыныстар енгізу;      

     «Жеке қосалқы шаруашылығын растайтын жөнінде анықтаманы беру» мемлекеттік қызмет ұсыну;

      мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту мекемелерімен жұмыс жүргізу;

елді  мекендерді  абаттандыру,  жарықтандыру,     көгалдандыру       және     санитарлық тазалау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;         

туған туысы жоқ азаматтардың жерлеуін ұйымдастыру және зираттарды       тиісті жағдайда ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды жүргізу;

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»   Заңының орындалуына жағдай жасау;

жергілікті қоғамдастық жиынын, ауыл, көше, көппәәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының, жергілікті қоғамдастық жиынының және жиналысының шақырылу уақытын, орнын және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді;

жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған және қала әкімі мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;

қаланың бюджетін жоспарлауды және атқаруды қамтамасыз етеді;

жергілікті қоғамдастықтың жиналысына және аудан мәслихатына қала бюджетінің атқарылуы туралы есепті ұсынады;

қаланың бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдайды;

жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және оны жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;

қаланың коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;

мүлкі қаланың коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті кейіннен баланстан шығара отырып, өзге тұлғаға бергенге дейін күтіп ұстау және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіреді, қаланың меншік (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі) құқығын қорғауды жүзеге асырады;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді сенімгерлік басқарушының орындауын бақылауды жүзеге асырады;

мүлкі қаланың коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

  1. Қала әкімінің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу

бойынша:

өз құзіреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;

егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

шешім қабылдайды және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

мүлкі қаланың коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындайды;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасына берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде өзі сатып алған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюды жүзеге асырады;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз не кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;

аудан әкімімен келісу бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды;

коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға өзіне бекітіп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;

жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік заңды тұлғаларының жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;

мүлкі қаланың коммуналдық меншігіндегі (жерілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемін айқындайды;

мүлкі қаланың коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қарайды, келіседі және бекітеді;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

жергілкті өзін-өзі басқарудың комуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітіп береді;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;

Қазақстан Республикасының заңнамасында берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Әкімнің аппараты өз құзіреті шегінде:

           қала әкіміне шешімдердің, өкімдердің және басқа да құжаттардың жобаларын ұсыну;

          аппарат құрылымын, штат кестесін өңдейді және оларды аудан әкіміне ұсынады;

          қабылданған шешімдер мен өкімдердің орындалуын бақылау жұмысын ұйымдастырады;

мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрауға және алуға;

мүліктік және мүліктік емес құқықтарды алуға және жүзеге асыруға;

мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми мекемелердің ақпараттық деректер базаларын пайдалануға;

шарттар, келісімдер жасасуға;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.

  1. Әкім аппаратының өз құзіреті шегіндегі міндеттері:

қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету;

Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің және әкімдігінің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау;

қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

 

3. Қала әкімі аппаратының қызметін ұйымдастыру

 

  1. Әкімнің аппаратын әкім басқарады.
  2. Әкімнің өкілеттіктері:

         әкім аппаратының жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылық етуді жүзеге асырады;

     жергілікті қоғамдастықтың жиынында немесе жергілікті қоғамдастықтың жиналысында қабылданған шешімдерді қарайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

     бюджет қаражатын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша жұмыскерлерді қабылдайды;

     мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;

     қаланың тұрғын үй қорын түгендеуді жүргізеді;

     аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша қаланың авариялық тұрғын үйлерін бұзуды ұйымдастырады;

     мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары аясында ауыл халқына микрокредит беруге жәрдем көрсетеді;

     Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтік құқықтық актілерімен жүктелген өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

  1. Әкімде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімнің орынбасары болуы мүмкін. 
  2. Әкім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес әкім орынбасарының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды.

         20.Әкім аппараты қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілер этикасының нормаларын сақтауын әкім қамтамасыз етеді.

         21.Жұмысшылар санының шегі және қызметтік автокөлік саны қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі;

 

4. Қала әкімі аппаратының мүлкі

 

  1. Заңнамада көзделген жағдайларда әкім аппаратының жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

     Әкім аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Әкімнің аппаратына бекітіліп берілген мүлік қаланың (жергілікті өзін-өзі басқарудың) коммуналдық меншігіне жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, әкімнің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті иеліктен шығаруы немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуі мүмкін.

 

5. Қала әкімінің аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. Әкімнің аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады.
Положение о государственном учреждении «Аппарат акима города Акколь»
Дата публикации
29 февраля 2024