Құрметті Ақкөл қаласының тұрғындары!
Абаттандыру және тазалықты сақтау мақсатында қала маңындағы орман алқаптары мен халық көп демалатын орындардың тазалығына ерекше көңіл бөлу қажет.
Әр тұрғынды тазалық тәртібін сақтауға шақырамыз:
🚯 демалыстан кейін тұрмыстық және басқа да қоқыстарды қалдырмаңыздар;
🔥 өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтаңыздар;
🌳 табиғатқа және жасыл желектерге ұқыпты қараңыздар;
🗑️ қоқысты тек арнайы белгіленген орындарға тастаңыздар.
Ормандарымыздың, саябақтарымыздың және демалыс орындарымыздың тазалығы тек коммуналдық қызметтердің жұмысына ғана емес, әрқайсымыздың жауапкершілігімізге байланысты.
Табиғатты бірге қорғайық, демалыс орындарымызды таза әрі жайлы сақтайық! 🌱