Ақкөл қаласы, «Ақкөл орман шаруашылығы» және Радовка ауылы тұрғындарының 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында айтқан ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспары және 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Ақкөл қаласы әкімінің халықпен кездесулерін өткізу туралы ақпарат

​ 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Ақкөл қаласы әкімінің халықпен кездесулерін өткізу туралы

Ақпарат

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 3 наурыздағы «Халықпен кездесулер өткізу туралы» № 826 Жарлығына сәйкес, 2026 жылғы 14–15 мамырда Ақкөл қаласының әкімі (әкімнің м.а.) Ақкөл қаласының, «Ақкөл орман шаруашылығының» және Радовка ауылының тұрғындарымен есептік кездесулер өткізді.

Азаматтарды барынша кеңінен қамтуды және тартуды қамтамасыз ету үшін кездесулерді өткізу кестелері Ақкөл қаласы әкімінің ресми сайтында орналастырылды, әлеуметтік желілерде (Instagram, Facebook) жарияланды, сондай-ақ WhatsApp мессенджеріндегі үй тұрғындарының және ауылдық чаттар арқылы таратылды.

Кездесулер барысында қала әкімінің м.а. есепті кезеңде атқарылған жұмыстар, бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалуы туралы есеп берді, сонымен қатар елді мекендерді әрі қарай әлеуметтік-экономикалық дамыту жоспарларымен бөлісті.

Іс-шараларға 106 адам қатысты. Кездесулер барысында 16 қатысушы сөз сөйлеп, әлеуметтік сипаттағы 24 ұсыныс айтылды, бұл ретте экономикалық немесе саяси сипаттағы ұсыныстар түскен жоқ.

Тұрғындар көтерген сұрақтардың негізгі блоктары келесідей бөлінді: жолдарды жөндеу — 6 ұсыныс (25%), сумен қамтамасыз ету — 3 ұсыныс (12,5%), абаттандыру, санитарлық тазалау — 6 ұсыныс (25%), жарықтандыру — 1 (4,1%), медициналық қамсыздандыру — 2 (8,3%), балалар алаңқайларын жабдықтау — 1 (4,1%), сондай-ақ қаңғыбас иттер мәселесі, МИБ (ОСИ) ұйымдастыру, сайлаушылар тізімі, Радовка ауылы халқының саны, Радовка ауылын беру мәселесі — жиынтығы 5 ұсыныс (20%).

Түскен 24 ұсыныстың барлығы қаралды. Оның ішінде 4 ұсыныс Ақкөл қаласы әкімінің (әкімнің м.а.) есептік кездесулері барысында халық айтқан ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізілді.

Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат тоқсан сайын қала әкімінің ресми сайтында орналастырылып тұрады.

Есептік кездесулер ұйымдасқан түрде өтті, облыс, аудан және қала әкімдерінің тарапына сын-ескертулер түскен жоқ.​

 

                                                        «Ақкөл қаласы әкімнің аппараты» ММ

 

Ақкөл қаласы, «Ақкөл орман шаруашылығы» және Радовка ауылы тұрғындарының 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында айтқан ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспары

 

№ р-с

Іс-шара

Орындау мерзімі

Орындауға жауаптылар

1.

Ақкөл қаласында асфальт төселген автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу

мамыр-қыркүйек

«Ақкөл қаласы әкімнің аппараты» ММ

(шарттық міндеттемелерге сәйкес)

 

2.

Радовка ауылы, Ақкөл қаласында қиыршық-құмды жабыны бар автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу

мамыр-қыркүйек

«Ақкөл қаласы әкімнің аппараты» ММ

(шарттық міндеттемелерге сәйкес)

 

3.

Көше жарығын ағымдағы жөндеу, Ақкөл қаласындағы Шамдарды ауыстыру, Ақкөл орман шаруашылығы, Радовка ауылы

жыл бойы

«Ақкөл қаласы әкімнің аппараты» ММ

(шарттық міндеттемелерге сәйкес)

 

4.

Ақкөл қаласындағы М. Мәметова көшесі 17-25 мекенжайындағы тұрғын үйлердің аула аумақтарын абаттандыру

тамыз-қыркүйек

«Ақкөл қаласы әкімнің аппараты» ММ

(шарттық міндеттемелерге сәйкес)

 

Дата публикации
21 мая 2026