2026 жылғы 14-15 мамыр күндері Ақкөл қаласында, «Ақкөл орман шаруашылығы» КММ-де және Радовка ауылында Ақкөл қаласының әкімі (қала әкімінің міндетін атқарушы А.А. Зейнілов) халықпен есептік кездесулер өткізді.
Іс-шараларға Қазақстан Республикасының Құрметті депутаты, Ақкөл ауданының Құрметті азаматы В.Н. Симчук, сондай-ақ Ақкөл аудандық мәслихатының депутаттары И.В. Андрющенко, С.Н. Калашников, М.К. Жүнісов қатысты.
Ашық диалог барысында тұрғындар өңірдегі өмір сапасын жақсартуға қатысты бірқатар өзекті мәселелер мен ұсыныстарды көтерді. Атап айтқанда, әлеуметтік сала мен медицина бойынша – медицина мамандарының жетіспеушілігі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында – жол жамылғысын жөндеу, аула аумақтарын абаттандыру, сондай-ақ кондоминиум нысандарын басқарудың жаңа нысандарына (МИБ) көшу мәселелері талқыланды.
Тұрғындар көтерген мәселелер бақылауға алынды. Аталған мәселелерді одан әрі шешу мақсатында тиісті іс-шаралар жоспары қалыптастырылатын болады.