Ақкөл ауданы Ақкөл қаласы жергілікті қоғамдастық жиналысының Хаттамасы

Ақкөл ауданы

Ақкөл қаласы жергілікті қоғамдастық жиналысының

Хаттамасы

 

Ақкөл қ.                                                                                                                                             28.04.2026 жылғы

Қала әкімдігі                                                                                                                                       сағат 15.00

                  

 

         Жиналысты Ақкөл қаласының әкімі Ш.Р. Теміржанов ашады және жүргізеді.

 

                          Құрметті жергілікті қоғамдастықтың қатысушылары!

         «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларына, Ақкөл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № С 15-2 шешімімен бекітілген Ақмола облысы Ақкөл ауданы жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентіне сәйкес жергілікті қоғамдастық жиналысы өткізіледі.

 Жиналысқа жергілікті қоғамдастық қатарынан 11 адам қатысты:

- Садықова А.Ж., Нұғметов А.С., Карпова И.И., Емельянович Д.А., Үкібаева С.Ж., Берденова Г.Т., Дүйсембаева Р.С., Балпанов С.С., Искаков Н.Г., Шәріпов Р.Н. 3 Қарыбаев Р.Е..

                                            Жиналыс заңды.

         Күн тәртібі бар мәселе жиналыстың қарауына шығарылады:

  1. Жиналыстың төрағасын, хатшысын сайлау туралы.
  2. Радовка ауылының әкімшілік бағыныстылығын өзгерту, Ақмола облысы Ақкөл ауданы Ақкөл қаласының әкімшілік бағыныстылығынан шығару және оның аумағын Ақмола облысы Ақкөл ауданы Наумов ауылдық округінің құрамына енгізу туралы.

         Келесі жұмыс регламенті ұсынылады:   

         1.Бөлек жиналыстың төрағасын, хатшысын сайлау туралы 3 минутқа дейін.

  1. Ақмола облысы Ақкөл ауданы Радовка ауылының әкімшілік бағыныстылығының өзгеруі, селоны Ақкөл қаласының әкімшілік бағыныстылығынан шығару және оның аумағын Ақмола облысы Ақкөл ауданы Наумов ауылдық округінің құрамына енгізу туралы ақпарат 15 минутқа дейін.
  2. 3 минутқа дейін сөйлейтіндерге.

         Қарсылығыңыз жоқ па? Қабылданады.

Жиналыс пен хаттаманы жүргізу үшін бізге төраға мен хатшыны сайлау қажет.

         Қандай ұсыныстар болады?

         Жиналыстың төрағасы болып Д.А. Емельянович сайлансын, хатшысы болып С.Ж. Үкубаева сайлансын деген ұсыныс келіп түсті, Басқа ұсыныстар бар ма? Жоқ. Дауыс беруіңізді сұраймын.

         Жиналыс төрағасы болып Д.А. Емельяновичті кімдер сайлайды, дауыс беруіңізді сұраймын?

         «Қолдады» – 11 адам.

«Қарсы» – жоқ.

«Қалыс қалған» – жоқ.

         Бір ауыздан қабылданады.

 Жиналыс хатшысы болып С.Ж. Үкубаевты кім сайлайды, дауыс беруіңізді сұраймын?

         «Қолдады» – 11 адам.

«Қарсы» – жоқ.

«Қалыс қалған» – жоқ.

         Бір ауыздан қабылданады.

Д.А. Емельянович, С.Ж. Үкібаевтан өз міндеттеріне кірісуін сұраймын.

         Күн тәртібінің екінші мәселесіне көшеміз:

Д.А. Емельянович: – Екінші мәселе – Ақмола облысы Ақкөл ауданы Ақкөл қаласының әкімшілік бағыныстылығынан Радовка ауылын шығару және оның аумағын Ақмола облысы Ақкөл ауданы Наумов ауылдық округінің құрамына қосу арқылы Радовка ауылының әкімшілік бағыныстылығын өзгерту туралы сөз Ақкөл қаласының әкімі Ш.Р. Теміржановқа беріледі.

Ш.Р. Теміржанов: – «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, аудандық өкілді және атқарушы органдар елді мекендерді кенттер немесе ауылдар санатына жатқызу; кенттерді немесе ауылдарды құру немесе қайта құру, олардың бағыныстылығын өзгерту, оларды есепке алу және тіркеу туралы ұсыныстар енгізеді.

Бүгінгі таңда Радовка ауылы елді мекенінің әкімшілік бағыныстылығын өзгерту, ауылды Ақкөл қаласының әкімшілік бағыныстылығынан шығару және оның аумағын Ақмола облысы Ақкөл ауданы Наумов ауылдық округінің құрамына қосу мәселесі бастама етіп көтерілуде.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, Ақкөл қаласы қала мәртебесі бар дербес әкімшілік бірлік болып табылады. Мемлекеттік басқару логикасы бойынша, ауылдық елді мекендер ауылдық округтердің құрамына кіруі тиіс. Бұл – өңірдің әкімшілік құрылымын ретке келтіруге бағытталған «уақыт талабы».

Ең бастысы – тұрмыс салты бұрынғыша қалады. Ауылдық округке беру ауылды жою дегенді білдірмейді.

Қол жеткізілген барлық нәтижелер – әр үйдегі орталықтандырылған сумен жабдықтау және көше жарығы – толық көлемде сақталады және оларға қызмет көрсетіледі.

Ауылдық округ абаттандыру бойынша бұрын қала атқарған міндеттемелерді дәл солай орындайтын болады.

Қайта құрудың негізгі себебі – ауылды қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларына қол жеткізу. Қалалық округтің құрамында бола отырып, Радовка ауылы тек ауылдық жерлерге арналған жобаларға қатысуда заңды түрде шектеулі. Ауылдық округке ауысу ауылдарды дамытудың мамандандырылған бағдарламаларына жол ашады: инфрақұрылымды, жолдарды және әлеуметтік нысандарды нысаналы қаржыландыру қолжетімді болады.

Жеңілдіктер мен субсидияларға келетін болсақ, ауыл тұрғындарының ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және қала тұрғындарына қолжетімсіз басқа да бағыттар бойынша мемлекеттік қолдаудың ерекше шараларына құқығы бар.

«Ауылдық жерлерді дамыту және көтеру» саясаты аясында ресурстар дәл осы ауылдық округтерге бөлінеді.

Біз жиында айтылған тұрғындардың алаңдаушылығын түсінеміз. Көпшілігі өзгерістерден қорқып, қарсылық білдірді. Дегенмен, бұл қадам ауылды «алыстату» үшін емес, бюджеттік құралдардың Радовка ауылы үшін тиімдірек жұмыс істеуі үшін жасалып жатқанын түсіну маңызды.

А.Ж. Садықова:–НеліктенРадовкаауылықалағажатады?

– Бізбұлуақытталабыекенін, бәрінқолданыстағызаңнамағасәйкестендіруқажеттігінтүсінеміз. Бұлреттетұрғындарештеңежоғалтыпқанақоймай, жаңаартықшылықтарғаиеболады. Ауылдықбағдарламаларғақатысудыңарқасындақаржыландырукөлемі мен ауылғадегенназарартады, бұлауылтұрғындарыүшінжайлылықдеңгейі мен өмірсүрусапасынайтарлықтайкөтеругемүмкіндікбереді. Осы ұсыныстықолдаймын.

И.И. Карпова: – БұрынРадовка мен Красный горняк Ақкөлқаласының КМҚК (КСМК) құрылысұйымынанқұрылғанжәнеқұрылысүшін саз, әктасөндірілетін, кірпішқұйылатынжұмысшыкенттеріболған. Ауылдыңауылдықокругкеауысуытұрғындарүшінөтежақсы. Әкімшілікбағыныстылығыбойыншаауылдарауылдықокругкежатуытиіс, барлықмәселелердіауылдықокругтерменпысықтауоңайырақболады, өйткеніауылдықжерлердешаруашылықбойыншаесепжүргізіледі, ал қаладажоқ.

Тұрғындардыңбұдан тек ұтатынынтүсінумаңызды. Жаңаауылдықбағдарламаларбіздіңелдімекендерімізгеқосымшаресурстар мен назараудартады, ауылдыңсәулеттіккелбетіжақсарады, бұлауылдағыөмірдішынмәніндежайлыәрізаманауиетугекөмектеседі.

Инфрақұрылымғакөбіреккөңілбөлініп, өмірсүружағдайларыайтарлықтайжақсарады. Радовкаауылынауыстырутуралыұсыныстықолдаймын, барлығыхалықтыңигілігіүшінжасалыпжатыр.

Д.А. Емельянович: – Басқаұсыныстар, пікірлер бар ма? Түскенжоқ.

Дауысберугекөшеміз. КімРадовкаауылыныңәкімшілікбағыныстылығынөзгертуді, ауылдыАқмолаоблысыАқкөлауданыАқкөлқаласыныңәкімшілікбағыныстылығынаншығарудыжәнеоныңаумағынАқмолаоблысыАқкөлауданы Наумов ауылдықокругініңқұрамынақосудықолдайды, дауысберулеріңіздісұраймын:

«Қолдады» – 11 адам.

«Қарсы» – жоқ.

«Қалыс қалған» – жоқ.

Шешім бірауыздан қабылданды.

Жергілікті қоғамдастық жиналысы ШЕШТІ:

1.Ақмола облысы Ақкөл ауданы Ақкөл қаласының әкімшілік бағыныстылығынан Радовка ауылын шығару және оның аумағын Ақмола облысы Ақкөл ауданы Наумов ауылдық округінің құрамына қосу арқылы Радовка ауылының әкімшілік бағыныстылығын өзгерту туралы ұсыныс қолдау тапсын.

Д.А. Емельянович: – Күн тәртібі таусылды.

Жиналыстың жүргізілуі бойынша ескертулер мен ұсыныстар бар ма? Жоқ.

Жиналысты жабық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.

 

 

Жиналыс төрағасы:                                                       Д.А. Емельянович

 

Жиналыс хатшысы:                                                       С.Ж. Үкібаева

Дата публикации
28 апреля 2026