Құрметті Ақкөл қаласының тұрғындары!
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 «Әкімдердің халықпен кездесуін өткізу туралы» Жарлығын орындау мақсатында 2026 жылғы 14 және 15 мамырда қала әкімінің халықпен кездесулері өткізілетін болады.
Қала тұрғындары алдағы кездесулерге өз сұрақтары мен ұсыныстарын aqkol@aqmola.gov.kz электрондық мекенжайға алдын ала жібере алады. Сондай-ақ, Ақкөл қаласы әкімдігінде ұсыныстар жинауға арналған арнайы жәшік орнатылған.
Сонымен қатар, халықпен кездесулер өткізілгеннен кейін қала әкімі азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастырады.
Кездесулер кестесі өзгерген жағдайда қосымша ақпарат Ақкөл қаласы әкімдігінің ресми парақшаларында орналастырылатын болады.
Қала әкімдерінің 2026 жылдың 1 жартыжылдығында Ақкөл қаласынының тұрғындарымен кездесу кестесі
|
№ р/с |
Округтер атауы |
Есеп беру Күні мен уақыты |
Елді мекен
|
|
1. |
Ақкөл қаласы
|
2026ж. 14.05. сағ. 11.00 |
Ақкөл қ., мәдени-демалыс орталығы (бұрынғы ОӨК ғимараты) конференц-зал. |
|
2. |
2026ж. 14.05. сағ.16.00 |
Ақкөл қ., №2 жалпы білім беретін мектеп |
|
|
3. |
2026ж.15.05. сағ.11.00 |
Радовка а., бұрынғы клуб ғимараты |
|
|
4. |
2026ж 15.05. сағ.12.00 |
Ақкөл орман шаруашылығы, Мичурин атындағы негізгі орта мектебі |