№ 5 ХАТТАМА
Радовка ауылы азаматтарының жиыны
21.04.2026 жыл
сағат 11.00
Радовка ауылының
клуб ғимаратының жанында
Жиын төрағасы:
Теміржанов Ш.Р. – Ақкөл қаласының әкімі;
Жиын хатшысы – Жұмажанова Г.М.
Шақырылғандар:
Андрющенко И.В. – Ақкөл аудандық мәслихатының депутаты;
Шәріпова З.К. – Наумов ауылдық округінің әкімі;
Жүсіпов А.С. – Ақкөл ауданы Полиция бөлімінің учаскелік инспекторы.
Қатысып отырғаны: 24 адам.
.
Жиынның күн тәртібінде келесі мәселелерді қарау жоспарланған:
Бірінші: Ақмола облысы Ақкөл ауданы Радовка ауылының әкімшілік бағыныстылығын өзгерту, ауылды Ақмола облысы Ақкөл ауданы Ақкөл қаласының әкімшілік бағыныстылығынан шығару және оның аумағын Ақмола облысы Ақкөл ауданы Наумов ауылдық округінің құрамына қосу туралы.
Екінші: Сұрақтар, ұсыныстар, сөйленетін сөздер.
Күн тәртібі бойынша қарсылықтар бар ма? Жоқ. Бір ауыздан қабылданды.
Ш.Р. Теміржанов: Қазіргі уақытта Радовка ауылын Наумов ауылдық округінің құрамына беру мәселесі қарастырылуда. Бұл шара халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарымен негізделген.
Бұған дейін қала әкімдігі тарапынан орындалып келген абаттандыру және инфрақұрылымды ұстап тұру бойынша барлық міндеттемелер толық көлемде сақталады және ауылдық округ әкімшілігімен жалғастырылатын болады.
Елді мекеннің ауылдық округ құрамындағы мәртебесі қалаға аумақтық тұрғыдан жататын тұрғындар үшін қолжетімді емес бірқатар мемлекеттік бағдарламалар мен жеңілдіктерге (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жеңілдікпен кредиттеу бағдарламалары, мамандарға арналған үстемеақылар және т.б.) жол ашады.
Ауылдық округке өту ауылдық жердің ерекшелігін ескере отырып, жұмыспен қамту және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелерін тиімдірек шешуге мүмкіндік береді.
Барлық жоспарланған бюджеттік жұмыстар толық көлемде орындалады. Мемлекет тұрғындарды қолдаусыз қалдырмайды — тек елді мекеннің заңды мәртебесі өзгереді, бірақ оған деген қамқорлық деңгейі төмендемейді.
Кімде қандай сұрақтар бар? Қандай ұсыныстар, ескертулер, тілектер бар, мүмкін біреудің сөйлегісі келер?
И.В. Андрющенко: Ауылдағы өмір барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілген және бұл жай ғана сөз емес, тұрғындардың әрбір өтініші ерекше бақылауда болып, шаралар жедел қабылданады. Мысалы, су айдау мұнарасына қатысты жағдай. Ақау туралы белгі түскен бойда апаттық бригада жұмысқа кірісіп, мәселе қысқа мерзімде шешілді.
А.С. Белоусов: Мен біздің ауылдың Наумов ауылдық округіне берілуімен келіспеймін.
Г.П. Федюшко: Мен біздің ауылдың Наумов ауылдық округіне берілуімен келіспеймін.
С.Р. Аблаков: Ауылда жақында зауыт іске қосылады, инвестиция салынып жатыр, адамдар жұмыс істеуге келеді. Біз ауылдың дамығанын қалаймыз.
З.К. Шарипова: Мен сіздерден бас тартпаймын, Наумов ауылдық округі үшін ауылды ұстап тұру бойынша шығындардың қосылатыны түсінікті, дегенмен аудан әкімдігі тиісті қолдау көрсетеді деп санаймын.
Ақмола облысы Ақкөл ауданы Радовка ауылы тұрғындарының жиыны ШЕШТІ:
Радовка ауылының қатысып отырған тұрғындарының көпшілігі әкімшілік-аумақтық бағыныстылықтың өзгеруімен келіспейді.
Төрағалық етуші тұрғындардың назарына әкімшілік-аумақтық құрылыс бөлігіндегі қолданыстағы заңнама нормаларын жеткізді.
№1 қосымша (Хабарлау парақтары: 3 парақта).
№2 қосымша (Радовка ауылы тұрғындары жиналысының хаттамасына әкімшілік-аумақтық бағыныстылықтың өзгеруімен келіспейтіндігі туралы қосымша).
Жиын төрағасы Ш.Теміржанов
Жиын хатшысы Г.Жұмажанова