GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Лого
Меню
Страницы
Құжаттар
Орталық туралы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Қызметі
Онлайн кітапхана
Все материалы
Терроризмнің алдын алу
22 октября 2026
Шымкентте халық арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыстары жүргізілуде

Сайрам тұрғын алабында экстремизм мен терроризмнің алдын алуға, радикалды идеологиялардың таралуына жол бермеуге және дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Іс-шараға ауыл ақсақалдары, билер, аналар кеңесінің мүшелері, колледж студенттері мен оқытушылары қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – халықтың экстремизм мен терроризм қаупі туралы хабардарлығын арттыру, азаматтардың, әсіресе жастардың радикалды діни ағымдарға тартылуының алдын алу, діни иммунитетті қалыптастыру, сондай-ақ конфессияаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты нығайту.

Іс-шара барысында «Ақниет» қоғамдық қорының қалалық филиалы бөлімінің жетекшісі, теолог Ф. Тайтелиев, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент С. Жанболатов, М. Әуезов атындағы университеттің заң факультеті халықаралық қатынастар және халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі Е. Бекбосынов сөз сөйледі.

Спикерлер ұлттық құндылықтарды сақтау, жас ұрпақ тәрбиесіндегі дәстүрлі дүниетанымның рөлі және радикалды діни көзқарастардың таралуына байланысты қауіптер туралы халықты хабардар етті. Сондай-ақ, радикалды ықпалдың белгілерін дер кезінде анықтау, ақпаратты сыни тұрғыдан қабылдау және азаматтардың экстремистік әрекеттерге тартылуының алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Экстремизм мен терроризмнің алдын алу, халықтың діни сауаттылығын арттыру және жастардың радикалдануына жол бермеу ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының маңызды бағыттары болып қала береді.

Осындай кездесулер азаматтардың экстремистік идеяларға деген тұрақты теріс көзқарасын қалыптастыруға, конфессияаралық келісімді нығайтуға және қоғамдық тұрақтылықты сақтауға ықпал етеді.

Материал Шымкент қ. ТҚК ақпараты негізінде дайындалды

Терроризмнің алдын алу
22 октября 2026
Дұрыс ілім тура жолға сілтейді

Отырар ауданы «Талапты», Шардара ауданы «Көксу» және «Ұзын ата» ауылдық округтері әкімдігінің қызметкерлеріне «Дұрыс ілім тура жолға сілтейді!» тақырыбында экстремизм мен терроризмге қарсы бағытталған ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесуге аудандық ішкі саясат бөлімінің мамандары мен ақпараттық насихаттық топ мүшелері арнайы қатыстырылды.

Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметкерлер арасында экстремизм мен терроризм сипатындағы теріс идеологияның қалыптасуына және таралуына жол бермеу, олардың құқықтық және ақпараттық сауаттылығын арттыру болып табылады.

Кездесуде спикерлер қазіргі әлемде экстремизм мен терроризмнің таралу тәсілдерінің күрделене түскенін, оның ішінде ақпараттық кеңістік арқылы әсер етудің күшейгенін баса айтты.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Б.Тұрдыбек өз баяндамасында: «Экстремизм мен терроризм бұл тек бір реттік қылмыс емес, ол – жүйелі түрде қоғамның ішінен іріткі салатын қауіп. Қазіргі террористік ұйымдар тек бомба арқылы ғана емес, жалған ақпарат арқылы да қоғамға қауіп төндіреді.

Терроризмге қарсы иммунитет – бұл ұжымдық жауапкершілік пен ашық диалог. Мемлекеттік қызметкер ретінде біз бірінші кезекте өзімізден бастап, айналамызға үлгі болуымыз қажет», - деп атап өтті.

Сондай-ақ, терроризм профилактикасы аясында қызметкерлерге экстремизм мен терроризмнің ерекшеліктері, оларды тану белгілері мен әлеуметтік желілерде жүргізілетін үгіт-насихаттың ықпалы жайлы түсіндірілді.

Кездесу қорытындысымен қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді.

Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

Терроризмнің алдын алу
22 октября 2026
Заң, қауіпсіздік, болашақ

Түркістан облысы Кентау қалалық ақпараттық-түсіндіру тобының ұйымдастыруымен «Шаш-төбе», «Қашқари», «Қарнақ» ЖОМ оқытушы және жастар құрамы, «Кентау қалалық оқушылар үйінің» ұжымы және «Политехникалық колледжінің» жастарымен терроризм мен экстремизмнің алдын алу бағытында «Заң, қауіпсіздік, болашақ!» тақырыбында кездесу өткізілді.

Кездесуге Түркістан облыстық ақпараттық насихаттық тобының, аудандық Терроризмге қарсы комиссиясының жауапты мүшелері қатыстырылды.

Кездесудің мақсаты –білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен оқушылары арасында экстремизм мен терроризмге қарсы иммунитет қалыптастыру, қоғамдық тұрақтылықты сақтау, алауыздық пен теріс ағымдардың алдын алу болып табылады.

Кездесуде интернеттегі радикалды мазмұнды ақпараттарға ұшырамау жолдары, экстремизм мен терроризмнің белгілері, түрлері және зардаптары туралы сөз қозғалды және түрлі әлеуметтік желілерде таралатын теріс контенттердің қалай танылатынын және оған қарсы қандай әрекеттер қолдануға болатынын түсіндірді.

Экстремистік және террористік идеологиялардың қоғамға қауіптілігі, жастарды арбау тәсілдері, олардың ұлттық құндылығымызға тигізетін кері әсері, сондай-ақ заңсыз әрекеттерге қатысудың салдары, қауіпсіздік шараларын сақтау және қоғам алдында әрбір азаматтың жауапкершілігі туралы жан-жақты түсіндірілді.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде таралатын жалған үгіт-насихат пен радикалды идеялардан сақтану жолдары туралы сөз қозғалды.

Спикерлер кез-келген ақпараттарды алу барысында тек расталған парақшалардан ғана алуға болатындығын жеткізіп, ең алдымен ақпараттардың дұрыстығына көз жеткізуге шақырды.

Тұрғындар және жастар өздерін қызықтырған сұрақтарына мардымды жауаптарын алды.

Кездесуге барлығы 200-ге жуық оқушылар, мұғалімдер мен студенттер қатысты.

Материал Түркістан облысы ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

Терроризмнің алдын алу
22 октября 2026
Абай облысында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық-әдістемелік кеңес өтті

Абай облысының білім басқармасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және білім беру ұйымдары қызметкерлерінің осы бағыттағы рөлін айқындау мәселелеріне арналған ақпараттық-әдістемелік кеңес өтті.

Кеңесті Абай облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Темірлан Шалқарұлы Қалелов жүргізді. Іс-шараға орта және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары мен жауапты мамандары, сондай-ақ ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің өкілдері қатысып, білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, деструктивті идеологиялардың алдын алу және төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету мәселелері талқыланды.

Облыстық білім басқармасының «Өңірлік психологиялық қолдау әдістемелік орталығы» КММ әдіскері Арайлым Ермекқызы Байботанова білім беру ұйымдары қызметкерлерінің профилактикалық жұмыс жүргізудегі рөлі, білім алушылардың психологиялық жағдайына назар аудару, тәуекел белгілерін ерте анықтау және психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру мәселелері бойынша баяндама жасады.

Сонымен қатар терроризм қаупі туралы ақпарат түскен кезде іс-қимыл, білім беру ұйымдары басшылары мен қызметкерлерінің міндеттерін және уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл тәртібі түсіндірілді.

Кеңес барысында білім беру ұйымдарында профилактикалық жұмыстарды жүйелі жүргізу, білім алушылар мен ата-аналар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту, интернет кеңістігіндегі қауіп-қатерлер туралы хабардарлықты арттыру және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру қажеттігі атап өтілді.

Іс-шара қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарының басшылары мен жауапты мамандарына қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, қызметкерлерге тиісті нұсқама жүргізу, құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды нығайту және анықталған қауіп-қатерлер туралы ақпаратты белгіленген тәртіппен уақтылы жеткізу міндеттері жүктелді.

Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытындағы жұмыстарды тиімді ұйымдастыру білім беру ұйымдарының басым міндеттерінің бірі болып қала береді.

Материал Абай облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

Терроризм қауіптеріне жауап беру
22 октября 2026
Бір әзіл - үлкен салдар

Астанада білім беру мекемесінің маңында жарылғыш құрылғы мен террористтер туралы жалған хабарлама тіркелді. Бұл ақпарат қаланың төтенше жағдайлар қызметтерін тартуға және тиісті тергеу жүргізуге әкелді.

Кәмелетке толмағандардың мектеп аумағынан тыс жерде болған кезде Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің 112 жедел жәрдем нөміріне қоңырау шалып, мектеп маңында жарылғыш құрылғы мен террористтер туралы хабарлағаны анықталды.

Хабарлама алғаннан кейін, көрсетілген мекенжайға дереу жарылғыш-техникалық тобы, полиция патрульдері, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері және жедел жәрдем көлігі жіберілді. Мектеп ғимаратын және оның айналасын тексеру кезінде жарылғыш құрылғылар, жарылғыш заттар немесе басқа да қауіпті заттар табылмады.

Жүргізілген тергеу шараларының нәтижесінде қоңырау шалған 12 жасар балалар анықталды.

Жасөспірімдер мен олардың ата-аналары Астана қалалық полиция департаментіне жеткізілді. Ата-аналардың айтуынша, оқиға балалардың әзіл ойнағысы келгендіктен болған.

Ата-аналарға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 1-бөлігі бойынша – «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу және/немесе білім беру, құқықтары мен/немесе мүдделерін қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін» әкімшілік хаттама толтырылды.

Бұл жағдай қауіпсіздікке төнген қатерлер туралы жалған хабарламаларды зиянсыз әзіл деп санауға болмайтынын айқын көрсетеді. Мұндай әрекеттер төтенше жағдайлар қызметтерін негізсіз орналастыруға, оларды шынымен мұқтаж азаматтарға көмек көрсетуден алшақтатуға және заңды жауапкершілікке әкеп соғады.

Астаналық терроризмге қарсы жедел штабы

Терроризмнің алдын алу
22 октября 2026
Темір тордың ар жағында: өмірге жаңаша көзқарас

Бір кездері радикалды идеялардың ықпалына түскен адам өз көзқарасын өзгерте ала ма? Бұл көбіне оның ашық әңгімеге дайын болуына, дұрыс діни білім алуына және жеке жауапкершілігін сезінуіне байланысты.

Астана қаласындағы №64 республикалық мемлекеттік мекемеде сотталғандар арасында діни сауаттылықты арттыруға, рухани құндылықтарды дәріптеуге және экстремизмнің алдын алуға арналған бірқатар іс-шара өткізілді.

«Qamqor-Astana» қоғамдық қорының теологтері 18 жеке кездесу ұйымдастырды. Әңгімелесу барысында мамандар дәстүрлі діни ілім мен радикалды идеологиялық ұстанымдардың айырмашылығын түсіндірді. Жаңсақ сенімдерді қайта қарауға, заңды құрметтеуге және экстремистік насихатқа сын көзбен қарауға ерекше мән берілді.

Сонымен қатар «Ислам – бейбітшілік діні» және «Келісім мен тәртіп» тақырыптарында екі топтық дәріс өтті. Әр дәріске 11 адам қатысты. Тыңдаушыларға бейбітшілікке ұмтылудың, діни төзімділіктің және өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қараудың маңызы түсіндірілді.

Кездесулер ашық пікір алмасу форматында өтті. Сотталғандар өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, діни көзқарастарын талқылауға және мамандардан нақты түсіндірме алуға мүмкіндік алды.

Қатысушылардың пікірінше, мұндай әңгімелер рухани құндылықтарға жаңаша қарауға, шынайы діни білімді бұрмаланған түсініктерден ажыратуға және өз болашағы туралы ойлануға көмектеседі.

Өмірге жаңаша көзқарас қалыптастыру диалогтен басталады. Сондықтан жеке түсіндіру жұмыстары мен рухани ағарту ісі радикализмнің алдын алуда және сотталғандарды қоғамға қайта бейімдеуде маңызды орын алады.

Материал Астана қаласы Антитеррорлық комиссиясы аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

Терроризмнің алдын алу
21 октября 2026
Теріс идеологияның арбауына түспеу үшін не істеу керек?

Түркістан облысы Арыс қаласының «П.Арапов» елді мекенінің жұмыссыз тұрғындары, Орталық базарының саудагерлері, «Ж.Ташенов» мектебінің және «№11 Арыс балабақшасының» ата-аналарымен экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара халық арасында экстремизм мен терроризм ұғымдары туралы түсінік қалыптастыру, олардың кері әсері мен қоғам үшін қауіптілігін түсіндіру және сол арқылы қоғам тұрақтылығын сақтау болып табылады.

Іс-шараға облыстық ақпараттық насихаттық тобының мүшелері арнайы қатысып, экстремизм мен терроризмнің қоғамға, мемлекетке және азаматтарға төндіретін қатері кеңінен талқыланды.

Қатысушыларға Қазақстан Республикасының экстремизм мен терроризмге қарсы жүргізіп отырған мемлекеттік саясаты, заңнамалық негіздері және қауіпсіздік саласындағы ұлттық мүдделерді қорғаудың негіздері туралы түсіндірілді.

Спикер Қ.Мырзабай өз сөзінде «Экстремизм мен терроризмнің әлемдік деңгейде алауыздық пен өшпенділік туғызып, қоғамда төзімсіздік пен зорлық орнататындығы айтылды.

Экстремизм –шектен шыққан көзқарастар мен әрекеттерге берілу, зорлық-зомбылыққа немесе адамдардың қауіпсіздігіне қатер төндірумен сипатталатын әрекеттер ретінде түсіндіріледі.

Терроризм – экстремизмнің асқынған көрінісі ретінде анықталып, ол саяси мақсаттарға қол жеткізу үшін зорлықтың қатыгез және үрейлі әдістерін қолданады. Террористік актілер салдарынан адам өмірі, материалдық және рухани құндылықтар қауіпке ұшырап, қоғамда психологиялық қысым мен әлеуметтік алауыздық туындайды», - деп атап өтті.

Сонымен қатар, ақпараттарды іздеу барысында тек ресми сайттар мен рұқсат етілген сөздіктерге сүйену қажеттігі ескертілді.

Кездесулер барысында қойылған сұрақтарға спикерлер нақты әрі толық жауап беріп, қатысушылардың құқықтық және танымдық сауаттылығын арттыруға бағытталған практикалық кеңестер берілді.

Іс-шараларға барлығы 250-ге жуық адам қатысып, олардың ақпараттық сауаттылығын көтеру және экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша түсініктерін нығайту қамтамасыз етілді.

Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

Терроризмнің алдын алу
21 октября 2026
Жат идеологияға қарсы тұрар күш – ұлттық құндылықта

Экстремизм мен деструктивті идеологияның алдын алуда ұлттық мәдениет пен дәстүрдің маңызы ерекше. Өз халқының тарихын, салтын, ұлттық құндылықтарын жақсы білетін ұрпақ сырттан келетін жат идеологияларға еліктей бермейді. Себебі ғасырлар бойы қалыптасқан төл мәдениет адамның ұлттық болмысын сақтайтын берік негіз.

«Айша Бибі» облыстық қазақ мәдени орталығы қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Айман Ибраеваның айтуынша, қазақтың ұлттық киімінің әрбір элементінің өзіндік тәрбиелік әрі мәдени мәні бар. Мәселен, әйелдердің бас киімі олардың жасын, отбасылық жағдайын, қоғамдағы орнын білдірген.

– Біздің қазақтың ұлттық киімдері ата-бабамыздан келе жатқан қолөнер арқылы дамып, өзінің әдемілігімен ғана емес, мағынасымен де ерекшеленеді. Әйел адамның бас киімінен оның жасын, отбасындағы орнын ажыратқан. Тақия, сәукеле, ақ орамал, кимешек-шылауыштың әрқайсысының өз орны болған. Кимешек-шылауыш тазалық пен мәдениеттілікті білдірген. Тіпті бір үйге жиналған адамдар әйелдердің киіміне қарап-ақ олардың кім екенін, жасын, мәртебесін таныған. Бұл – біздің ата-бабамыздан қалған үлкен мәдениет, – дейді Айман Ибраева.

Ұлттық мәдениет – өткеннің ғана мұрасы емес, бүгінгі ұрпақтың рухани қорғаны. Сондықтан жастарға өз тарихын, салт-дәстүрін, ұлттық өнері мен мәдениетін таныту – жат идеологиялардың ықпалына қарсы тұрудың маңызды жолдарының бірі. Өз құндылығын білген ұрпаққа өзгенің идеологиясын таңудың қажеті жоқ.

Материал Абай облысының ТҚК ақпараты негізінде дайындалды

Терроризмнің алдын алу
21 октября 2026
Қауіпті қалай аңғаруға болады: сарапшылар дабыл қағатын белгілерді атады

Достар ортасының кенеттен өзгеруі, радикалды идеяларға деген әуестік және желідегі ақпаратқа соқырша сену – ата-аналар үшін бала мінез-құлқына мұқият қарауға үлкен себеп.

Мамандардың айтуынша, экстремистік идеологияға арбау әрқашан ашық үгіт-насихаттан басталмайды. Көбіне жасөспірімге күрделі сұрақтардың оңай шешімі ұсынылып, қолдау білдіруге уәде беріледі немесе қоғамды «өзіміздікі» мен «бөгделер» деп бөлу таңылды. Мұндай сәтте бала мен ата-ана арасындағы сенімді жоғалтпай, өзгерістерді уақытында байқап, сабырмен тіл табысу маңызды.

Семей қалалық Полиция басқармасы Экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлімінің аға оперуәкілі Маржан Байзульдинова баланы экстремистердің торлауынан аман алып қалу үшін ата-ананы сақтандыруы тиіс негізгі қауіп белгілерін атап өтті.

– Радикалды ұйымдарға кіруге үгіттеу, адамдарды «өзіміздікі» және «бөгде» деп бөлу, «көмектесеміз» деген желеумен арбау – үлкен дабыл. Сондай-ақ экстремистік немесе террористік қылмыстарды ақтау да қауіптің белгісі. Ата-ана бақылауды босатпай, баланың ғаламторда қай сайттарға кіріп, не іздеп жүргенін білуі тиіс. Ең бастысы – баламен ашық сөйлесіп, үйде сенімді атмосфера қалыптастыру қажет, – дейді Маржан Байзульдинова.

Ал «Психея» орталығының негізін қалаушы Светлана Новикова агрессивті идеологияға қарсы тұруда сын тұрғысынан ойлаудың маңызы зор екенін айтады. Оның сөзінше, бұл –  кез келген адам өз бойында қалыптастыра алатын дағды.

– Сын тұрғысынан ойлау –  жан-жақты зерттеуді талап ететін терең тақырып. Ол ең әуелі адамның интеллектуалдық қорын көрсетеді. Яғни, адам ақпаратты қабылдамас бұрын оны жинақтап, сараптай алады. Мұндай қабілеті бар адам өзіне шынымен қажетін алып, артығын елемейді. Егер адам кез келген айтылған сөзге сене берсе, астарлы агрессия мен өтірікті сезбесе, демек, оған ойлау қабілетін дамыту керек. Тұрақты оқу мен ізденіс бұл дағдыны шыңдауға көмектеседі, – дейді Светлана Новикова.

Ақпаратты тексеру, түрлі дереккөздерді салыстыру және кез келген сөзге талғаусыз сенбей, сүзгілеу баланы астыртын арбаудан, өтірік пен агрессивті шақырулардан қорғайды.

Материал Абай облысының ТҚК ақпараты негізінде дайындалды

Терроризмнің алдын алу
21 октября 2026
Радикализмнен сақтану ұлттық құндылықтарды білуден басталады

Радикалды идеологияның ықпалына түспеудің бір жолы – ұлттық салт-дәстүр мен ата-баба мұрасын жақсы білу. Өзінің тарихы мен құндылықтарын терең түсінген жас сырттан келетін жат идеологияларға сыни көзқараспен қарай алады.

Төкеш мешітінің наиб имамы, теолог Мұрат Желдыбаевтың айтуынша, діни сауаттылық та жастардың түрлі радикалды ағымдардың жетегінде кетпеуінде маңызды рөл атқарады. Ол әсіресе діни білімді сенімді әрі білікті мамандардан алудың маңызын атап өтті.

–  Радикализмнің құрбаны болмау үшін адам өзінің салтын, дәстүрін, әдет-ғұрпын, ата-баба дәстүрін жақсы білгені дұрыс. Діни мәселелер бойынша ақпаратты интернеттен кездейсоқ іздемей, өзіміздің мешіттердегі білімді имамдар мен ұстаздардан алған жөн, – дейді Мұрат Желдыбаев.

Маманның пікірінше, жастар діни мазмұндағы ақпараттың қайнар көзіне мұқият қарап, күмәнді уағыздар мен жат идеологиялардан аулақ болуы қажет. Дұрыс діни білім алу мен ұлттық құндылықтарды құрметтеу – радикалды көзқарастардың алдын алудың маңызды тетігі.

Материал Абай облысының ТҚК ақпараты негізінде дайындалды

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы