
Кепілге алудың әрбір нақты жағдайы ерекше және басқалардан өзгеше.
Сонымен қатар, Сіз кепілге алынсаңыз:
1) барынша тезірек өз-өзіңізге келіңіз, тынышталыңыз және даурықпаңыз;
2) егер Сізді байлап немесе көзіңізді жауып тастаса, босаңсуға тырысыңыз, терең демалыңыз;
3) ықтимал қатаң сынаққа жан-дүниеңізбен, моральдық және эмоциялық жағынан дайындалыңыз. Сонымен қатар, адамдарды кепілге алудың көпшілік жағдайларында кепілгерлер тірі қалғанын есте сақтаңыз. Құқық қорғау органдарының Сізді босату үшін кәсіби шаралар қабылдап жатқандығына сеніңіз;
4) егер қашудың сәтті болатындығына сенбесеңіз, қашуға әрекеттенбеңіз;
5) террористер туралы ақпаратты барынша көбірек есте сақтаңыз. Олардың санын, қарулану деңгейлерін анықтаған дұрыс, сыртқы келбетінің, дене бітімінің, акцентіне және сөйлесу тақырыптары, темпераменттеріне, жүріс-тұрыс және басқа ерекшеліктеріне көңіл бөле отырып ауызша суреттеуді барынша толық құру. Егжей-тегжей жасалған ақпараттың кейіннен құқық қорғау органдарымен террористерді тезірек анықтауға көмегі болады.
6) түрлі белгілер бойынша өзіңізді ұстап (қамап) отырған жерді анықтауға тырысыңыз;
7) мүмкіндігінше терезеден, есіктен және ұрлаушылардың өздерінен алысырақ орнығыңыз, яғни егер құқық қорғау органдары белсенді шаралар жасауға шешім қабылдаған жағдайда барынша қауіпсіз жерге (орынжайға шабуылдауы, мергендердің қылмыскерлерді оқ астына алуы және т.б.);
8) ғимаратты шабуылдаған жағдайда қолды артқа салып, еденге бетпен жату керек;
9) егер шабуылдау мен басып алу жағдайларында алғашқыда ықтимал қылмыскерлерге қатысты дөрекілікті Сізге (Сіздің жеке тұлғаңызды анықтағанаға дейін) қатысты қолдануларына ашуланбаңыз. Сізді тінтулері, кісендеулері, байлап тастаулары, эмоциялық немесе физикалық зақым келтірулері, тергеулері мүмкін. Түсіністікпен қараңыз, шабуылдаушылардың бұндай жағдайлардағы әрекеттері (барлық тұлғаларды сәйкестендіруден өткізіп, шын қылмыскерлерді айқындағанша) дұрыс.
Ұрлаушылармен өзара қарым-қатынас:
1) агрессиялы қарсылық көрсетпеңіз, жылдам және қауіпті қозғалыс жасамаңыз, террористерді ойланбаған қозғалысқа итермелемеңіз;
2) мүмкіндігінше ұрлаушылармен тіке көз түйістіруден аулақ болыңыз;
3) ең басынан бастап (әсіресе алғашқы жарты сағатта) ұрлаушылардың барлық бұйрықтар мен нұсқауларын орындаңыз;
4) селқос ынтымақтастық ұстанымын ұстаңыз. Сабырлы дауыспен сөйлесіңіз. Басып алушылардың ашуын тудыратын өшпенді дауыс пен мінез-құлыққа әкелетін жаратпаушылықты көрсетуден аулақ болыңыз;
5) өзіңіз сабырлы да салиқалы болыңыз. Үзілді-кесілді бас тартатын қарсылық көрсетпеңіз, алайда орынды қажеттілігіңізді сабырлы түрде сұраудан қорықпаңыз;
6) қатты күйзеліс жағдайында сыр беруі мүмкін денсаулығыңызда ақаулық болған жағдайда, Сізді ұрлаған адамдарға бұл туралы сабырлы түрде айтыңыз. Ақырындап, қалыптасқан жағдайды ескере отырып, жайлылығыңызды арттыратын өтініштеріңізді арттыруға болады.
Кепілдікте ұзақ болған жағдайда:
1) аяныш, толғану мен есіңіздің шығу сезімінің пайда болуына жол бермеңіз. Ойша өзіңізді күтіп тұрған сынаққа даярлаңыз. Ақыл-ой белсенділігін сақтаңыз;
2) үмітсіздік сезімінің пайда болуынан аулақ болыңыз, бұл үшін ішкі жан дүние қорыңыздан өзіңізге-өзіңіз сенім тудырыңыз;
3) жақсы нәрселер туралы ойлаңыз және есіңізге түсіріңіз. Есіңізде сақтаңыз, уақыт өте сізді босату мүмкіндігі өседі. Сіз тезірек босатылу үшін барлық мүмкіндіктер жасалынып жатқанына сенімді болыңыз;
4) өзіңізге үнемі қандай да істермен алдандырыңыз (физикалық жаттығулар, оқу, өмірлік еске түсіру және т.б.). Физикалық және ақыл-оймен жұмыс әрекетіне тәуліктік кесте жасаңыз, барлығын қатаң әдістемелік тәртіпте орындаңыз;
5) күшіңізді сақтау үшін қанша ұнамаса да және тәбетіңізді ашпаса да барлық берген тамақты жеңіз. Бұндай экстремалдық жағдайда тәбеттің болмауы мен салмақтың түсуі қалыпты жағдай екендігіне өзіңізге есеп беріңіз.
Психологиялық беріктікті сақтау – кепілдегі адамды құтқарудың ең маңызды шартының бірі. Бұндайда сана айқындығын сақтауға, қалыптасқан жағдайға дұрыс баға беруге мүмкіндік беретін жағымсыз күйден және күйзелістен көңілді аудартатын қандай да бір тәсілдер мен әдістердің барлығы құпталады. Келесі қағидаларды меңгеру пайдалы:
1) сол жағдайға қолжетімді физикалық жаттығуларды жасаңыз, кем дегенде дененің барлық бұлшық еттерін кезек-кезек қатайтып, босатыңыз;
2) барлық жағынан аутотренинг пен медитация жасауға машықтану өте пайдалы, ол өз психикаңызды қадағалауда ұстауға көмек береді;
3) ішіңізден оқыған кітаптарды, өлеңдерді, әндерді еске түсіріңіз, ойды бөлетін әр түрлі мәселелерді дәйкеті түрді ой легінен өткізіңіз (математикалық есептерді шығарыңыз, шет тілінің сөздерін есіңізге түсіріңіз және т.б.). Сіздің ақыл-ойыңыз жұмыс істеп тұруы керек. Дінге сенушілер дұға оқудан жұбаныш табуға болады;
4) Егер ондай жағдай болса, типті оның мәтіні сізге қызықсыз болса да қолыңызға түскеннің барлығын оқыңыз. Барлық жазғандарды алып алуларына қарамай жазуға болады. Ақыл-есті сақтауға көмектесетін үрдістің өзі маңызды;
5) Сізбен болып жатқан жағдайға сыртынан қараңыз, жүрегіңізге қабылдамауға тырысыңыз, аяғына дейін арты жақсы болатынына сеніңіз. Қорқыныш, күйзеліс пен селқостық – Сіздің үш дұшпаныңыз, олардыңы барлығы – Сіздің іш дүниеңіз.