
Егер Сіз жарылыс аумағында болып қалсаңыз, ақыл-есіңізде және қозғалысқа қабілетті болсаңыз, онда бірінші кезекте түтін мен от жоқ жерге шығуыңыз немесе сол жаққа еңбектеуіңіз керек.
Егер Сіз жарылыс кезінде зардап шекпесеңіз, ал жаныңызда зардап шеккендер болса, олардың жағдайын бағалаңыз: пульсі бар ма, адам ақыл-есінде ме. Нашатырь көмегімен оның есін жинатуға әрекет етуге тыйым салынады. Есінен айырылу – бұл ағзаның сыртқы әсерге қорғаныс реакциясы. Егер зардап шеккеннің сүйектері бүтін болса (оның сүйектерін мұқият ұстап көріңіз), оны қырынан жатқызыңыз. Арқасынан жатқан күйінде ол құсық массасына қақалып, етбетінен жатқанда – тұншығып қалуы мүмкін. Артериядан қан кеткенде (қан ал қызыл, бұрқақатып аққанда) жараны ең болмаса саусақпен тез арада бітеу керек, содан кейін белбеумен, жіппен, белдікпен жарадан жоғары байлау керек.
Егер Сіз ғимарат конструкциясы сынықтарының астында болсаңыз рухыңызды түсірмеңіз. Тынышталыңыз. Терең және бір қалыпты демалыңыз. Құтқарушылар Сізді құтқарады деп ойлаңыз. Дауыспен және тарсылмен адамдардың назарын аудартыңыз. Егер Сіз ғимарат сынықтарының терең астында болсаңыз, сізді эхопеленгатормен табу үшін кез-келген металл затын оңға-солға жылжыта беріңіз (сақина, кілттер және т.б.).
Егер сіздің маңайыңыздағы кеңістік бостау болса, оталғышты жақпаңыз. Оттегіні сақтаңыз.
Байқап қозғалыңыз, жаңа құлауды болдырмас үшін сырттан келетін ауаның қозғалысы бойынша байқап қозғалыңыз. Егер Сізде мүмкіндік болса, құлауды болдырмау үшін қоластындағы заттардың көмегімен (тақтайша, кірпіш және т.б.) төбені бекітіп, көмек күтіңіз. Қатты шөлдеген болсаңыз, аузыңызға кішкентай тас салыңыз да оны мұрынмен демала отырып сорыңыз.