Лого

Меню

Страницы

Статья

Жарылғыш қаупі барға ұқсас заттарды тауып алған жағдайда халыққа жадынама

Табылған заттың жарылғыш қаупі болуы мүмкіндігімен байланысты белгілер:

  • белгісіз түйіншектің немесе қандай да бір заттың машинада, сатыда, пәтерде және т.б. болуы;
  • машинадан шығып тұрған тартылған сымның, баудың, өткізгіштердің, қуат көздері немесе оқшаулау лентасының болуы;
  • бөтен сөмке, портфель, қорап, қандай да бір зат; табылған заттың машинада, пәтер есігінің алдында, кіреберісте өзгеше жатуы;
  • табылған күдікті заттан шығып жатқан дыбыс (сағат механизміне ұқсас шулар, төмен жиіліктегі шулар).

Біліп жүріңіз: заттың сыртқы түрі оның шын мәніндегі мақсатын көрсетпеуі мүмкін. Жарылғыш заттарға арналған камуфляж ретінде кәдімгі тұрмыстық заттар қолданылады: сөмкелер, пакеттер, түйіншектер, қораптар, ойыншықтар және т.б.

 Егер күдікті зат табылса, бұл фактіні назардан тыс қалдырмау керек:

  • қоғамдық көлікте:
  • жанында тұрған адамдардан сұрастырыңыз;
  • заттың (сөмкенің және т.б.) тиесілігін не оны кім тастап кетуі мүмкіндігін анықтауға тырысыңыз;
  • егер иесі табылмаса, онда жүргізушіге (машинистке және т.б.) табылған зат туралы дереу хабарлаңыз.
  • өз үйіңіздің кіреберісінде:
  • көршілеріңізден сұраңыз, мүмкін, ол солардікі болар. Егер иесі анықталмаса – шұғыл түрде табылған зат туралы ІІМ, ҰҚК органдарына хабарлаңыз.
  • көшеде, саясабқта және т.б.:
  • жан-жағыңызға қараңыз, егер де мүмкіншілік болса иесін анықтауға тырысыңыз, егер ол анықталмаса – полиция қызметкеріне немесе ІІМ, ҰҚК органдарына тікелей дереу хабарлаңыз;
  • затты құқық қорғау органдары келгенше бөтендерден қоршаулаңыз. Олар келген кезде затты тапқан мерзім туралы ақпарат беріңіз.
  • мекемелерде, ұйымдарда:
  • табылған зат туралы объекті әкімшілігінің басшысына дереу хабарлаңыз.

Қатаң тыйым салынады:

  • табылған затқа қол тигізуге не жылжытуға;
  • табылған бейтаныс заттарды қолдануға;
  • табылған затты орнынан қозғауға, бір жерден бір жерге аунатуға, қолға алуға;
  • көтеруге, орнын ауыстыруға, қалтаға, портфельге, сөмкеге және т.б. салуға;
  • оны жерге көмуге не су қоймасына лақтыруға;
  • заттан шығып тұрған сымдарды ия өткізгіштерді үзуге немесе созуға, оны залалсыздандыруға әрекет етуге;
  • оған жақын жерде мүмкіндігінше радио- және электроаппараттарын, ұялы телефондарды пайдаланбаңыз;
  • табылған немесе күдікті заттармен өздігінше қандай да бір іс-әрекет жасамаңыз, олар жарылғыш құрылғысы болуы мүмкін – бұл жарылысқа, көптеген құрбандарға, бұзылуларға әкеліп соғады.
Дата публикации
20 февраля 2020
Дата обновления
20 февраля 2020
Тип
Жаднама

Сейчас читают

06 декабря 2024
ТЕРРОРИЗМ АКТІЛЕРІНІҢ ЖАСАЛУ ҚАУІП-ҚАТЕРІ КЕЗІНДЕ ХАЛЫҚТЫҢ ӘРЕКЕТ ЕТУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
06 декабря 2024
ТЕРРОРИЗМ АКТІЛЕРІНІҢ ЖАСАЛУ ҚАУІП-ҚАТЕРІ КЕЗІНДЕ ХАЛЫҚТЫҢ ӘРЕКЕТ ЕТУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
30 ноября 2024
Методические рекомендации по методам выявления и оперативного анализа деструктивного контента в сети Интернет с помощью информационно-поисковых систем

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы