Лого

Меню

Страницы

Статья

Терроризм актісін жасайтындығы жайында телефонмен және жазбаша түрде қауіп түскен жағдайдағы іс-әрекет туралы жадынама

  1. Хатшыға (диспетчерге, кезекшіге және т.б.) анониммен берік байланыс орнату қажет:
  • таныстыру (өз атын, әкесінің атын, лауазымын атау);
  • сөз сөйлеушіні жайландыруға тырысу;
  • оның талабы әкімшілікке дереу жеткізілетініне сендіру;
  1. Анонимнің талаптарын анықтау және қауіп-қатердің сипаты туралы ақпарат алу:
  • барлық талаптарды мұқият тыңдау және сөзбе-сөз жазып алу;
  • қандай да болмаса нәрсені сылтау ете отырып оның өзінің талаптарын қайталауды ұсыну;
  • қауіп-қатер сипаты және оны жүзеге асыру мерзімі туралы нақтылайтын сұрақтар қоя отырып анонимнің көбірек ақпарат беруіне ынталандыру.
  1. Анонимнің іс-әрекетінің себептерін анықтау:
  • анонимнің қол жеткізгелі отырған мақсаты туралы сұрақтар қою, бұл ретте анонимнің жауаптарын мұқият тыңдай отырып сөзге тарту;
  • анонимге оны жүзеге асырудың басқа жолдарын ұсыну;
  1. Анониммен байланыстан шығар алдында онымен жүргізілген әңгімелесудің негізгі жерлерін қайта қайталап, оған оның талаптары әкімшілікке жеткізілетінін қайта айту. Қандай да сыпайы сылтаумен оны қоңырауды қайта шалуға иландыру.
  2. Сөйлесу барысында әңгімелесуді фонограммаға жазып алу мүмкіншіліктерін қарастыру.
  3. Болған оқиға жайлы:
  • «102» телефоны арқылы құқық қорғау органдарын;
  • объекті әкімшілігінің басшысын хабардар ету.
  1. Егер сізде нөмірді анықтағыш болмаса немесе жұмыс істемей қалса, телефон тетігін қоймай жанына қойып қойыңыз. Басқа телефоннан телефон станциясына телефон нөмірін, қайдан қоңырау шалынғанын (қалалық, қалааралық) анықтап беру өтінішпен телефон соғыңыз.
  2. Қауіп-қатер жайында дүрбелең тудырмау және кәсіптік емес іс-әрекеттерді болдырмау үшін бұл туралы білулері тиістерден басқа ешкімге хабарламаңыз.

Объект әкімшілігінің басшысына:

  • сызбаға сәйкес персоналдарды эвкуациялауды ұйымдастыру;
  • құқық қорғау органдары өкілдерінің келгенге дейін күдікті заттардың жатуы мүмкін жерлерді анықтауға персоналдар арасында сұрастыруды ұйымдастыру;
  • затты тапқан жерге құқық қорғау, медициналық, өрт сөндіру және басқа органдардың автокөліктерінің кедергісіз кірулерін қамтамасыз ету;
  • анонимнен бопсалау жасау хабарламасын қабылдаған тұлғаны қоқан-лоқылық жасалғаны туралы ақпаратты үрей тудырмау мақсатында таратудың орынсыздығы туралы ескерту;
  • құқық қорғау органдары өкілдері келгенге дейін барлық қызметкерлердің, әсіресе анониммен сөйлескен қызметкердің болуларын қамтамасыз ету қажет.

Қауіп-қатерді жазбаша түрде алған жағдайда:

  • хатты (жазбаша хат, дискет және т.б.) сақтауға және құқық қорғау органдарына шұғыл жеткізуге шара қабылдау;
  • мүмкіндігінше хатты (жазбаша хат, дискет және т.б.) полиэтиленді пакетке салу;
  • құжатта өз саусақтарының ізін қалдырмауға тырысу;
  • егер құжат конвертте болған жағдайда оны тек қана сол немесе оң жағындағы шетін қайшымен қию арқылы ашылады;
  • бәрін: құжаттың өзін, конвертті, қаптаманы, кез-келген салымдарды сақтау керек. Ештеңені лақтырмау;
  • басқа тұлғаның хат (жазба) мазмұнымен танысуына мүмкіндік бермеу;
  • хатты (жазбаны және т.б.) алу немесе тауып алу жағдайын есте сақтау;
  • анонимді материалдарға жазу жазуға, сызуға болмайды. Оны бүктеуге, мыжуға, тігуге, желімдеуге тыйым салынады;
  • анонимдік материалдарды құқық қорғау органдарына ілеспе хатпен, онда олардың нақты белгілерін (түрі, саны, қандай түрмен және неден жасалғанын, қандай сөзден басталады және қандаймен аяқталады, қолтаңбаның болуы және т.б.), сондай-ақ оларды тауып алу немесе алумен байланысты жағдайларын көрсете отырып жолдау.

 

Басшыға жарылыс жасау қатері туралы ақпаратты алған жағдайдағы ұсыныстар:

  1. Үрей тууға жол бермеу.
  2. Қауесеттің таралуына жол бермеу.
  3. «102» телефонына қауіп-қатер туралы дереу хабарлау.
  4. Алынған ақпарат туралы тек қана өзінің қауіпсіздік қызметінің бастығына немесе арнайы даярланған қызметкерлер тобына хабарлау.
  5. Құқық қорғау органдары өкілдері келгенге дейін күдікті заттардың болуы мүмкін орындарды анықтауға персоналдармен сұрастыруды ұйымдастыру.
  6. Жарылысқа қауіптіге ұқсас заттарға қол тигізбеу.
  7. Тиеу-түсіру жұмыстарын тоқтату, оның ішінде қоқыс жәшіктерін босату.
  8. Тексеруден кейін ғимарат жанына қойылған автокөліктерді қауіпсіз жерлерге апару.
  9. Қалыптасқан жағдайды талдау және эвакуациялауға шешім қабылдау.
Дата публикации
19 февраля 2020
Дата обновления
19 февраля 2020
Тип
Жаднама

Сейчас читают

06 декабря 2024
ТЕРРОРИЗМ АКТІЛЕРІНІҢ ЖАСАЛУ ҚАУІП-ҚАТЕРІ КЕЗІНДЕ ХАЛЫҚТЫҢ ӘРЕКЕТ ЕТУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
06 декабря 2024
ТЕРРОРИЗМ АКТІЛЕРІНІҢ ЖАСАЛУ ҚАУІП-ҚАТЕРІ КЕЗІНДЕ ХАЛЫҚТЫҢ ӘРЕКЕТ ЕТУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
30 ноября 2024
Методические рекомендации по методам выявления и оперативного анализа деструктивного контента в сети Интернет с помощью информационно-поисковых систем

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы