Лого

Меню

Страницы

Статья

Халықаралық ынтымақтастық

Қазақстан терроризмнің барлық түрлері мен көріністерін қабылдамайды және әлемдік қоғамдастықтың осы көрініске қарсы күрес бойынша ұжымдық күш салуын қолдайды.

Біздің еліміз терроризмге қарсы іс-қимылда БҰҰ басты ролін қолдайды. 

Қазақстан Республикасы БҰҰ терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша барлық 19 негізгі құжатын ратификациялаған мемлекеттер қатарына жатады.

Мемлекет басшысының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде «Қауіпсіз, әділ және өркендеген әлем құру үшін жаһандық әріптестікті нығайту жөніндегі Қазақстанның тұжырымдамалық көзқарасы» тақырыбындағы саяси жолдауының  төртінші бастамасын жүзеге асыру шеңберінде Терроризмнен азат әлемге қол жеткізудің мінез-құлық кодексі әзірленді (бұдан әрі – Кодекс). 

Кодекске 2018 жылғы 28 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 73-сессиясы алаңында әлімнің түрлі өңірлеріндегі 70 мемлекеттен астам сыртқы саясат ведомстволарының басшыларымен және өзге де уәкілетті адамдармен қол қойылып, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің көптеген мүшесімен мақұлданды.

Қазіргі уақытта ҚР ҰҚК күш-жігері түрлі халықаралық және өңірлік алаңдардағы басқа мемлекеттермен Кодекске кезең-кезеңімен қосылуға өзара іс-қимылды белсендіруге бағытталған.

Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы бірлескен іс-шараларға қатысады және халықаралық қоғамдастықпен ұйымдастырылатын халықаралық терроризмге қарсы күресу шараларын іске асыру мәселелері бойынша БҰҰ есірткі және қылмыс жөніндегі өңірлік өкілдігі басқармасымен, ЕҚЫҰ және Еуропалық Одақпен белсенді ынтымақтастық жүргізеді.

Бүгінгі таңда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Терроризмге қарсы орталығының, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Өңірлік терроризмге қарсы құрылымының қызметінде аймақтық ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты ұйымының терроризм мен экстремизмге қарсы күрес саласында қабылданған шараларға аса көңіл бөледі.

Дата публикации
11 февраля 2020
Дата обновления
11 февраля 2020
Тип

Сейчас читают

06 декабря 2024
ТЕРРОРИЗМ АКТІЛЕРІНІҢ ЖАСАЛУ ҚАУІП-ҚАТЕРІ КЕЗІНДЕ ХАЛЫҚТЫҢ ӘРЕКЕТ ЕТУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
06 декабря 2024
ТЕРРОРИЗМ АКТІЛЕРІНІҢ ЖАСАЛУ ҚАУІП-ҚАТЕРІ КЕЗІНДЕ ХАЛЫҚТЫҢ ӘРЕКЕТ ЕТУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
30 ноября 2024
Методические рекомендации по методам выявления и оперативного анализа деструктивного контента в сети Интернет с помощью информационно-поисковых систем

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы