GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Қызметі
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Мәслихат туралы
Онлайн қабылдау
Все материалы
22 октября 2026
2026 жылғы 29 қазанда сағат 10-00-де «Алтай аудандының мәслихатының аппараты» ММ ғимаратында Р.Р. Қарағужинаның төрағалығымен Алтай ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді.

2026 жылғы 29 қазанда сағат 10-00-де «Алтай аудандының мәслихатының аппараты» ММ ғимаратында Р.Р. Қарағужинаның төрағалығымен Алтай ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді.

Күн тәртібіндегі мәселелер:

  1. Алдыңғы отырыстардың қорытындылары бойынша қабылданған Қоғамдық кеңестің ұсынымдары мен ұсыныстарының орындалуы туралы.
  2. Алтай қаласының орталық алаңын абаттандыру бойынша жобалық шешімдерді талқылау.
08 октября 2026
Депутаттық қызметті дамытуға қосқан үлесі үшін Алтай ауданы мәслихатының VIII шақырылым депутаты Жуваныжбаев Руфат Базырбекұлы «Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

Руфат Базырбекұлы — шаруа қожалығының басшысы, өзінің сайлау округінің тұрғындары арасында жақсы танымал әрі құрметке ие азамат. Депутаттық қызметінде ол жерлестерінің өтініштері мен мәселелеріне мұқият көңіл бөліп, округтің өзекті мәселелерін шешуге белсенді атсалысып келеді. Сондай-ақ мүмкіндігіне қарай демеушілік көмек көрсетіп, тұрғындардың бастамалары мен қажеттіліктерін қолдайды.
Ол үшін депутаттық мандат — ең алдымен, өзіне сенім білдірген халық алдындағы жауапкершілік.
Руфат Базырбекұлын лайықты марапатымен құттықтап, зор денсаулық, толағай табыс және Алтай ауданы тұрғындарының игілігі жолындағы қызметіне одан әрі жемісті еңбек тілейміз!

06 октября 2026
Лайықты марапат

Алтай ауданы мәслихатының аппаратының бас маманы Шагиева Гүльфайра Сейткановна «Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
Гүльфайра Сейткановна мәслихатта 2010 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Осы жылдар ішінде ол өзін білікті, жауапты әрі өз ісіне адал маман ретінде таныта білді. Жалпы еңбек өтілі 25 жылдан асады.
Еңбек жолы барысында ол мәслихат аппаратының қызметіне елеулі үлес қосып, алға қойылған міндеттердің кәсіби әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етіп келеді. Әріптестері арасында оның білімі мен тәжірибесімен бөлісуге әрдайым дайын тұратыны ерекше құрметке ие. Гүльфайра Сейткановна көптеген мамандарға тәлімгерлік етіп, жас қызметкерлердің жұмысқа бейімделуіне және кәсіби қызметтің қыр-сырын меңгеруіне қолдау көрсетіп келеді.
Мерекелік медаль оның көп жылғы адал еңбегі мен жергілікті өкілді органның дамуына қосқан үлесінің лайықты бағасы болды.
Гүльфайра Сейткановнаны лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Оған зор денсаулық, отбасылық амандық, кәсіби қызметінде жаңа жетістіктер және әріптестерінің алғысына бөлене беруін тілейміз!

06 октября 2026
Алтай ауданының мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

Бүгін Алтай ауданының мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтіп, онда депутаттар Еркін Тұрарұлы Тұраровты Алтай ауданының әкімі лауазымына тағайындауға келісім беру мәселесін қарады.
Еркін Тұрарұлы Тұраровтың кандидатурасы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Аманұлы Сақтағановтың ұсынысымен енгізіліп, депутаттарға Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Дархан Бақытжанұлы Сапанов таныстырды.
Сессия барысында депутаттар ұсынылған кандидатураны қарастырып, Еркін Тұрарұлы Тұраровты Алтай ауданының әкімі лауазымына тағайындауға келісім беру туралы шешім қабылдады.
Еркін Тұрарұлына жұмысына табыс, салмақты әрі байыпты шешімдер және Алтай ауданы мен оның тұрғындарының игілігі жолындағы жемісті қызмет тілейміз.
Алдағы уақытта ауданның одан әрі дамуын қамтамасыз ету және тұрғындар үшін маңызды мәселелерді шешу бағытында ауқымды әрі жауапты жұмыстар атқару міндеті тұр.

02 октября 2026
Мәслихат депутаттарының, мекеме басшыларының, аудан тұрғындарының назарына

2026 жылғы 06 қазанда сағат 09:00-де «Алтай ауданы әкімінің аппараты» ММ ғимаратының кіші залында Алтай ауданының мәслихатының кезектен тыс 48-сессиясы:

  1. «Алтай ауданының әкімін тағайындауға келісім беру туралы күн тәнртібімен өтеді».
  2. Әртүрлі.

 

25 сентября 2026
Мәслихат депутаттарының, мекеме басшыларының, аудан тұрғындарының назарына

2026 жылғы 29 қыркүйекте сағат 16.00-де Алтай ауданы мәслихатының сегізінші шақырылған сайынғы 47 сессиясы ZOOM форматында өтеді, күн тәртібі:     

  1. «Қалалардың, кенттердің, ауылдық округтердің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу туралы».
  2. Әртүрлі.
24 сентября 2026
Мәслихат депутаттарының, мекеме басшыларының, аудан тұрғындарының назарына

2026 жылғы 28 қыркүйекте сағат 10.00-де Алтай ауданы мәслихатының сегізінші шақырылыс кезектен тыс 46-сессиясы ZOOM форматында келесі күн тәртібімен өтеді:

  1. Алтай ауданы мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 37/3 – VІІI «Алтай ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Алтай ауданы мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 9/4 – VІІI «Аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. Алтай ауданы мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 30/3-VII «Алтай ауданының округтік сайлау комиссиясын сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  4. Әртүрлі.
17 сентября 2026
2026 жылғы 16 қыркүйекте сағат 15:00-де «Алтай ауданы мәслихатының аппараты» ММ ғимаратында Алтай ауданы Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.

Алтай ауданының мәслихатында тұрақты комиссия мен Қоғамдық кеңестің бірлескен отырысы өтті. Отырыс барысында тұрғындарды толғандыратын бірқатар өзекті мәселелер қаралды.

Күн тәртібіне жер учаскесін алып қою, жұмыспен қамту, жалпы білім беретін мектептердегі тамақтандыруды ұйымдастыру, 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық, халықты сумен қамтамасыз ету, көшелерді жарықтандыру және инженерлік желілерді жаңғырту мәселелері енгізілді.

Сондай-ақ отырысқа қатысушылар туризм және кәсіпкерлік салаларындағы инвестициялық жобаларды іске асыру, елді мекендерді абаттандыру, санитарлық жағдайын жақсарту және сәулеттік келбетін қалыптастыру шараларын талқылады.

Мектептердегі тамақтандыру мәселесіне де ерекше назар аударылды. Қоғамдық кеңес мүшелері мектептердегі тамақтану құнының жоғарылығына қатысты мәселе көтерді.

Ең қызу талқылау 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық мәселесі бойынша өтті. Қоғамдық кеңес мүшелері дайындық барысы мен қажетті жұмыстарды аяқтау мерзімдеріне қатысты сұрақтар қойды. Атап айтқанда, Серебрянск және Алтай қалаларында жылыту маусымы басталғанға дейін жұмыстардың толық аяқталуына қатысты мәселелер көтерілді.

14 сентября 2026
2026 жылғы 16 қыркуйекте сағат 15-00-де «Алтай аудандының мәслихатының аппараты» ММ ғимаратында Р.Р. Қарағужинаның төрағалығымен Алтай ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді.

2026 жылғы 16 қыркуйекте сағат 15-00-де «Алтай аудандының мәслихатының аппараты» ММ ғимаратында Р.Р. Қарағужинаның төрағалығымен Алтай ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді.

 

Күн тәртібіндегі мәселелер:

  1. Алтай ауданында 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындық қорытындылары туралы ақпарат.
11 августа 2026
2026 жылғы 13 тамызда сағат 10-00-де «Алтай аудандының мәслихатының аппараты» ММ ғимаратында Р.Р. Қарағужинаның төрағалығымен Алтай ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді.

2026 жылғы 13 тамызда сағат 10-00-де «Алтай аудандының мәслихатының аппараты» ММ ғимаратында Р.Р. Қарағужинаның төрағалығымен Алтай ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді.

 Күн тәртібіндегі мәселелер:

  1. Алтай қаласының Мәдениет және спорт сарайының аумағындағы демалыс аймағын, аттракциондар саябағын және балаларға арналған шағын сәулет формаларын қалпына келтіру мәселесі бойынша азамат А.О. Токсанбаевтың өтінішін қарау.
  2. Алтай ауданында «Дипломмен ауылға» бағдарламасын іске асыру туралы.
  3. Алтай ауданында туризмді дамыту туралы. Қоғамдық кеңестің алдыңғы отырыстардың қорытындысы бойынша қабылданған ұсыныстары мен ұсынымдарының орындалуы туралы.
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы