Меню

Страницы

Статья

САЛИМОВ ЕРМАК БИДАХМЕТОВИЧ

Салимов Ермак Бидахметович, 1957 жылы туған. Білімі жоғары. 1981 жылы тау-кен инженері-маркшейдер біліктілігі бойынша Қазақ политехникалық институтын, 2001 жылы заңгер біліктілігі бойынша Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1981 жылы Березовка кенішінде шахтаның жерасты тау-кен шебері лауазымынан бастап Ертіс полиметалл комбинатының сенімді басқарушысы лауазымына дейін аяқтады.

20 жылдан астам мемлекеттік қызметте. Глубокое ауданы әкімінің орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Риддер қаласының әкімі, Зырян ауданының әкімі қызметтерін атқарды.

Зырян ауданының әкімі лауазымындағы 5 жыл ішінде Е. Б. Салимов аудандық бюджет кірісінің жалпы көлемін ұлғайта алды. Екі көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысын аяқтау бойынша жобалар іске асырылды. Зырян және Серебрянск қалаларының коммуналдық кәсіпорындарында ауқымды күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Балапан» бағдарламасы бойынша 280 орындық «Қарлығаш» және «Жасмин»  балабақшалары пайдалануға берілді, 100 орындық "Алтын кілт" жеке балабақшасы ашылды.

Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындармен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде олардың жобаларға қатысуы бойынша жұмыстар белсенді жүргізілді. Тартылған жеке инвестициялар қаланың сәулеттік келбетін жақсартуға бағытталған бірқатар іс-шараларды өткізуге мүмкіндік берді, Зырян қаласының орталық көшелеріндегі көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттері жөнделді, Зырян, Серебрянск қалаларында көпфункционалды спорт корттары мен балалар спорт алаңдары орнатылды. Қол қойылған меморандум аясында "Қазмырыш" ЖШС-мен 200 орындық көпфункционалды хоккей модулінің құрылысы аяқталды.

Шығыс Қазақстан облысында Зырян ауданында бірінші болып Зырян ауданы әкімдігінің «Жастар орталығы» КММ ашылды, бұл жастармен жұмысты жандандыруға мүмкіндік берді.

Көп жылғы еңбегі үшін Ермак Бидахметович түрлі наградалармен марапатталды: «Құрмет» ордені, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» және «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдары, «Глубокое ауданының құрметті азаматы» атағы.

 

Зырян ауданының мәслихатының 25.12.2017 жылғы № 24/10-VІ шешіміне сәйкес, Ермак Бидахметович Салимовқа «Зырян ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

Дата публикации
04 ноября 2025
Дата обновления
19 ноября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
07 ноября 2025
УРАЗОВ КОПТЛЕУ УРАЗОВИЧ
Ақпарат
04 ноября 2025
ЗЫРЯН АУДАНЫНЫҢ / АЛТАЙ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАРЫ
Ақпарат
04 ноября 2025
АХМЕТЗАКИРОВА ГУЛЬФИРА МИНУЛЛОВНА

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы