
Платаев Андрей Георгиевич 1924 жылы Лебяжье ауылында дүниеге келген. Кеңестік шаруашылық, мемлекет және саяси қайраткер. Ішкі қызметтің генерал-лейтенанты.
Ұлы Отан соғысының қатысушысы. 1946 жылдан-шаруашылық, қоғамдық және саяси жұмыстарда. 1946-1989 жж - нұсқаушы, аудандық комитет меңгерушісі, Верхубин аудандық комитетінің хатшысы, Зырян аудандық комитетінің екінші хатшысы, Зырян аудандық атқару комитетінің төрағасы, Зырян аудандық комитетінің, Қазақстан КП Зырян қалалық комитетінің бірінші хатшысы, ҚКП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің хатшысы, Шығыс Қазақстан облысы Халықтық бақылау комитетінің төрағасы, Қазақстан КП ОК әкімшілік органдары бөлімінің меңгерушісі, Қазақ КСР Ішкі істер министрі, ҚКП кеңестің төрағасы.
8-ші, 9-шы, 10-шы және 11-ші сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды.
Ленин орденімен, І дәрежелі Отан соғысы орденімен, Еңбек Қызыл Ту орденімен, Халықтар Достығы орденімен, Қызыл Жұлдыз орденімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Зырян ауданының мәслихатының 08.08.1984 жылғы № 94 шешіміне сәйкес, Андрей Георгиевич Платаевқа «Зырян ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.