
Муратшин Хайрулла Назарович Зырян қорғасын комбинатының теміржол цехында 38 жыл жұмыс істеді. Ардагерлер ұйымының жұмысына белсенді қатысады.
«І дәрежелі Отан соғысы» орденімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Венаны алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Маршал Жуков Г.К.», «Ерен еңбегі үшін», «Соғыс және еңбек ардагері» медальдарымен, мерейтойлық медальдармен марапатталған.
Зырян ауданының мәслихатының 06.05.2015 жылғы № 42/2-5 шешіміне сәйкес, Хайрулла Назарович Муратшинге «Зырян ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.