
1910 жылы Владивосток қаласында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысының ардагері, Кеңес Одағының Батыры.
Павел Федорович Кольцов жеті сыныпты бітіргеннен кейін гаражда жұмыс істеді, содан кейін жүргізушілер курсын аяқтады, Кеңес айлағында, Владивостокта, 1931 жылдан бастап Омбыда жүргізуші болып жұмыс істеді. 1932 жылдың қазанынан 1935 жылдың қарашасына дейін П Ф. Кольцов Қызыл армияда қызмет етті. Қызметтен кейін Омбыға оралды. 1940 жылдың көктемінде Краснодар өлкесінің Майкоп қаласына көшті. Ол қайтадан автобазада жүргізуші болып жұмыс істеді және механиктер мектебінде оқыды.
1941 жылы 25 маусымда П. Ф. Кольцов әскерге шақырылды. Жеке әскер құраымен ол майданға аттанады. 1944 жылдың сәуіріне дейін көлік бөлімшесінің командирі, жараланғаннан кейін пулемет бөлімшесінің командирі болып қызмет етті. Польшадағы шайқастар үшін П Ф. Кольцов жауынгерлік Қызыл Ту орденімен марапатталды, ол Варшава мен Берлинді батарлықпен шабуылдауға және азат етуге қатысты, ол үшін «Варшаваны азат еткені үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» және басқа да медальдармен марапатталды.
1945 жылы 17 сәуірде кіші сержант П. Ф Кольцов, батальонның оң қапталын пулеметімен жауып, 85 фашистті жойды. Берлиндегі көшедегі шайқастарда 1945 жылдың 27 сәуірі мен 2 мамыры аралығында П.Ф. Кольцов 100-ден астам гитлерді өлтірді.
Дұшпанмен шайқаста көрсеткен батырлығы мен батылдығы үшін Кольцов Павел Федоровичке КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 15 мамырдағы Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ал1950 жылдың ақпанында ғана ол Ленин ордені мен батырдың Алтын жұлдызын алды.
1945 жылдың қазан айында демобилизациядан кейін П.Ф. Кольцов Майкоп ГЭС құрылысында жүргізуші болып жұмыс істеді.
1953 жылдан бастап П. Ф. Кольцовтың өмірі Зырян қаласымен байланысты. Ол Зырян қорғасын комбинатының байыту фабрикасында 7-разрядты слесарь, 1969 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін аға аспапшы болып жұмыс істеді. Зырян қорғасын комбинаты үшін П. Ф. Кольцовтың көп жылғы адал еңбегі бірнеше рет алғыс пен көтермелеумен марапатталды.
Зырян қорғасын комбинатында жұмыс істей отырып, лайықты демалыста болған п. Ф. Кольцов жас ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша үлкен жұмыс жүргізді, қаланың оқу орындарында жастармен әңгімелесуге қатысты, Ұлы Отан соғысы туралы естеліктерімен бөлісті. П. Ф. Кольцов бірнеше рет Кеңес Одағының Батыры - Қазақстандықтардың республикалық және облыстық слеттеріне қатысты. Облыстық мұрағаттың Зырян филиалында сақталатын батырдың жеке құжаттары үлкен тәрбие мақсатына қызмет етеді.
Жауынгерлік еңбегі, жаумен шайқаста көрсеткен батырлығы, Зырян аймағының игілігі үшін көпжылдық адал еңбегі үшін П.Ф. Кольцов азаматтар, аудан-қала жұртшылығы арасында терең құрмет пен жоғары беделге ие болды.
Зырян ауданының мәслихатының 22.02.1974 жылғы № 94 шешіміне сәйкес, Павел Федорович Кольцовқа «Зырян ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.