Меню

Страницы

Статья

КАЗАНОВ ЖАНБОЛАТ БАЙРАХМЕТОВИЧ

Қазанов Жанболат Байрахметович 1969 жылы 26 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Балғын ауылында дүниеге келген.

Жанболат Байрахметович 2005 жылы Орталық Азия Университетін «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша, 2009 жылы Шығыс Қазақстан өңірлік университетін  «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы Глубокое мыс балқыту зауытының балқыту цехында жұмысшы болып бастаған. Глубокое ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спорт нұсқаушысы, «Элхон-Строй» ЖШС директоры болып жұмыс істеді.

2012 жылдан бастап «Терезее» ЖШС директоры. Бұл серіктестік құрылыс қызметімен айналысады, онда 200 адам жұмыс істейді.

Жанболат Байрахметұлы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосуда. «Бақытты отбасы» ұлттық жобасы аясында көп балалы отбасыларға бес үй салып, сыйға тартты. Тұрақты негізде аз қамтылған отбасыларға демеушілік көмек көрсетеді.

Оның ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, соның арқасында аудан аумағында түрлі жұмыстар жүргізеді. Балғын ауылын абаттандырды: ауылға кіре берісте стела орнатып, жолдарды жөндеді. Бұқтырма су қоймасының жағалауында туристерді тарту және ауданның туристік қызметін дамыту үшін демалыс базасы салынды.

Казанов Жанболат Байрахметович басымдықтарды білікті түрде белгілеп, қойылған міндеттерді шеше алады. Өзінің еңбекқорлығымен және табандылығымен мақсатына жетеді, өскелең ұрпақ үшін үлгі болып табылады.

 

Алтай ауданының мәслихатының 27.12.2019 жылғы № 60/7-VІ шешіміне сәйкес, Жанболат Байрахметович Казановқа «Алтай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

Дата публикации
04 ноября 2025
Дата обновления
05 ноября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
07 ноября 2025
УРАЗОВ КОПТЛЕУ УРАЗОВИЧ
Ақпарат
04 ноября 2025
ЗЫРЯН АУДАНЫНЫҢ / АЛТАЙ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАРЫ
Ақпарат
04 ноября 2025
АХМЕТЗАКИРОВА ГУЛЬФИРА МИНУЛЛОВНА

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы