Меню

Страницы

Статья

ЕРМАКОВА ЛЮБОВЬ НИКОЛАЕВНА

Ермакова Любовь Николаевна 1940 жылы 22 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы Зырян қаласында дүниеге келген.

Любовь Николаевна мектептің жеті сыныбын бітіргеннен кейін Зырян медициналық училищесіне оқуға түсті, оқу бітіргеннен кейін оған фельдшер біліктілігі берілді және Зырян қаласының ЗҚК ТЖМ жұмысқа жіберілді. 

1958-1961 жылдар аралығында ол ЗҚК ТЖМ-де АЖК  денсаулық сақтау пунктінде аға фельдшер лауазымында жұмыс істеді.

1961 жылы Семей қаласының мемлекеттік медицина институтына емдеу факультетіне оқуға түсіп, 1968 жылы ақпанда бітіріп, Зырян қаласына жұмысқа жіберілді.

1968 жылдан бастап еңбек жолының соңына дейін Любовь Николаевна Зырян қаласының жұқпалы аурулар ауруханасында дәрігер-инфекционист, алдымен дәрігер-резидент, 1976 жылдан бастап бөлімше меңгерушісі, ал                  1987 жылдан бастап аурухананың бас дәрігері болып жұмыс істеді.

Оның еңбек өтілі 50 жылдан асады, оның ішінде 41 жыл жұқпалы аурулар дәрігері, 17 жыл жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері.

Бүкіл жұмыс кезеңінде ол Қазақстан Республикасы мен Ресей дәрігерлерін жетілдіру институттары базасында дәрігерлік және патологиялық-анатомиялық конференцияларға қатысу, мамандандыру және жетілдіру арқылы өзінің кәсіби білім деңгейін үнемі арттырып отырды.

Оның тікелей қатысуымен жұқпалы аурулар ауруханасының көптеген көрсеткіштері жақсарды. Ол өзінің ауруханасында да, қалалық, ауылдық дәрігерлік учаскелерінде де дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша үлкен жұмыс жүргізді. Любовь Николаевна аурухананың материалдық-техникалық базасын нығайту, оны жабдықтау және қайта құру, емдеу-диагностикалық процесс мәселелеріне көп көңіл бөлді. Аурухана дәрігерлері вирустық гепатиттердің маркерлік диагностикасын жетілдірді.

Любовь Николаевна әріптестерімен өз тәжірибесімен бөлісті, әр түрлі тақырыптағы «Зертханалық диагностика» республикалық газетінде өз мақалаларын үнемі жариялап отырды.

Любовь Николаевна дәрігерлік жұмысты үнемі қоғамдық жұмыстармен үйлестірді, бірнеше рет кәсіподақ комитетінің төрағасы болып сайланды, медицина қызметкерлері кәсіподағы қалалық комитетінің өндірістік комиссиясы төрағасының жұмысын басқарды, ауруханада үлкен саяси-тәрбиелік, идеологиялық жұмыстар жүргізді, тақырыптық дәрігерлік конференциялар өткізуге жауапты болды. Ол инфекционистер қоғамының мүшесі болды, онда баяндама жасады.

1969 жылдан бастап штаттан тыс, ал 2009 жылдан бастап «Гиппократ» Зырян медициналық колледжінің штаттық оқытушысы болып, «Жұқпалы аурулар» пәнін жүргізді. 2001 жылы оған медициналық колледж оқытушысының бірінші санаты берілді.

Көп жылдық және адал еңбегі үшін 1990 жылы КСРО Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен «Денсаулық сақтау үздігі» белгісімен марапатталды. Сондай-ақ «Еңбек ардагері» медалімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған, көптеген алғыстары мен құрмет грамоталары бар.

 

Алтай ауданының мәслихатының 24.12.2021 жылғы № 11/3-VII шешіміне сәйкес,  Любовь Николаевна Ермаковаға «Алтай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

Дата публикации
04 ноября 2025
Дата обновления
06 ноября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
07 ноября 2025
УРАЗОВ КОПТЛЕУ УРАЗОВИЧ
Ақпарат
04 ноября 2025
ЗЫРЯН АУДАНЫНЫҢ / АЛТАЙ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАРЫ
Ақпарат
04 ноября 2025
АХМЕТЗАКИРОВА ГУЛЬФИРА МИНУЛЛОВНА

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы