Владимир Николаевич 1936 жылы 15 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Зырян қаласында дүниеге келген.
Еңбек жолын 1959 жылы Зырян қорғасын комбинатында Қазақ тау-кен металлургия институтын сәтті бітіргеннен кейін бастаған. Техникалық бақылау бөлімінің тау-кен жұмыстарының бақылау шебері, тау-кен шебері, тау-кен учаскесі бастығының орынбасары, КОКП XXII съезі атындағы кеніштің жерасты учаскесінің бастығы, Грехов кенішінің бас инженері, Зырян кенішінің бас инженері болып жұмыс істеді. 1979 жылы Шығыс Қазақстан облысының партия комитетінің аппаратына өнеркәсіптік-көлік бөлімінің меңгерушісі ретінде партиялық жұмысқа ұсынылды. 1982 жылы Белогорск тау-кен байыту комбинатының директоры болып тағайындалды. 1985 жылы Шығыс Қазақстан облысының материалдық-техникалық жабдықтау жөніндегі бас аумақтық басқармасының бастығы болып ауыстырылды. 1986 жылдан ВНИИЦВЕТМЕТ экономика зертханасының аға ғылыми қызметкері. 1987 жылы В. Н. Дериглазов Зырян қорғасын комбинатына оралды, онда Малеевск кенішінің бас инженері, бастығы, Малеевск кенішінің құрылысы бойынша күрделі құрылыс бөлімі бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.
Зырян қорғасын комбинатында жұмыс істей отырып, В. Н. Дериглазов өзін жоғары кәсіби маман, қойылған міндеттерді орындауға ұжымды ұйымдастыра алатын сауатты басшы ретінде көрсетті, кәсіпорынның дамуына және Малеевск кенішінің құрылысына үлкен үлес қосты.
Владимир Николаевич көптеген жылдар бойы қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысады, түрлі іс-шаралар, акциялар өткізу кезінде халықтың әлеуметтік осал топтарына үнемі демеушілік, қайырымдылық көмек көрсетеді.
Дериглазов Владимир Николаевич жоғары іскерлік, азаматтық және адами қасиеттері үшін Алтай ауданының әріптестері, басшылары мен жұртшылығының жоғары беделі мен құрметіне ие болды.
Зырян ауданының мәслихатының 25.07.2006 жылғы № 37/5-3 шешіміне сәйкес, Владимир Николаевич Дериглазовқа «Зырян ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.