Меню

Страницы

Статья

ДЕДОВА ГАЛИНА МИХАЙЛОВНА

Дедова Галина Михайловна 1951 жылы 07 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы Бұқтырма ауылында дүниеге келген.

Галина Михайловна 1973 жылы Өскемен педагогикалық институтын «Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы» мамандығы бойынша, 1991 жылы С.Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетін (Алматы қ.) «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Галина Михайловна Дедова 30 жылдан астам мемлекеттік қызметте жұмыс істеді. Жұмыс барысында аудан әкімінің қызметін қамтамасыз ету бойынша аппарат бөлімдерінің жұмысын ұйымдастыру мәселелерін ойдағыдай шешетін сауатты, бастамашыл басшы ретінде танылды.

Г.М. Дедованың еңбек өтілі 40 жылдан асады, ауыл мектебінің мұғалімінен аудан әкімі аппаратының басшысына дейін үлкен жолдан өтті.

Жоғары кәсіпқойлықтың, еңбекқорлықтың, қойылған міндеттерді шешуге   салмақты көзқарастың, өзіне және қарамағындығыларға қойылатын талаптардың арқасында Г.М. Дедова бөлімдердің, қалалар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің қызметін тиімді үйлестірді, аудан әкімі аппаратының жұмысын жоспарлады, аудан әкімі аппаратының ауданнның мәслихатымен, облыстық басқару органдарымен өзара байланысын қамтамасыз етті.

Жоғары ұйымдастырушылық қабілеттерге, ойлаудың ауқымдылығына, жаңа сезімге ие,  Г.М. Дедова басқарушылық қызметке прогрессивті формалар мен жұмыс әдістерін енгізді.

Г.М. Дедованың көп жылғы адал еңбегі «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалімен марапатталды.

Галина Михайловнаның белсенді азаматтық ұстанымы мен патриотизмі жергілікті атқарушы органдардың рөлі мен беделін арттыруға ықпал етеді.

Г.М. Дедова өзінің білімінің, тәжірибесінің,  әділдігінің, жауаптылығының арқасында Зырян ауданының басшылары, жұртшылығы мен халқы тарапынан терең құрметке ие болды.

Зырян ауданының мәслихатының 07.09.2018 жылғы № 24/10-VІІ шешіміне сәйкес, Галина Михайловнаға «Зырян ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

Дата публикации
04 ноября 2025
Дата обновления
06 ноября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
07 ноября 2025
УРАЗОВ КОПТЛЕУ УРАЗОВИЧ
Ақпарат
04 ноября 2025
ДЯГЛЕВ ПЕТР ФЕДОРОВИЧ
Ақпарат
04 ноября 2025
АЛПЫСПАЕВА АЛДАБЕРГЕНА КАНАПИНОВИЧА

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы